Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған

Тәуелсіздік-ата бабам аңсаған. Ең әуелі тәуелсіздік жайлы бастамастан бұрын ел басымызыдын мына сөзің жеткізгім келіп тұр.«Біз бәріміз бір атаның-қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар: ол тәуелсіз Қазақстан». Нұрсұлтан атамыздың бұл сөзіне қалың көпшілік қосылары шүбәсіз. Бастысы тәуелсіз ел екенімізді естен шығармай, келер ұрпаққа тәуелсіздік қаншама қиындықпен келгенін ұқтыруымыз қажет. Бүгінімізден биік нәтиже көру үшін, өткенімізден сабақ алуымыз керек. Өз елінің тарихын білмей, ата салтын жерге тап-тап, қабырғалы қалыпты бұзғысы келетіндер қаншама. Осындай қалып пен жүре беретін болса, түптің түбінде тәуелсіздікден айырылып қалуда қажап емес.Осындай қателікке бой алдырмау үшін қазіргі өскелең ұрпаққа тәуелсіздік яки туған жеріміздін еркіндігін қазіргі жастарға насихаттауымыз қажет.Неге қазіргі жастар? Себебі тал бесіктен ер жетіп, бой жетіп келе жатқан жастар, әрине өзінің алдындағы аға-әпкелеріне барынша еліктегісі келеді.Аға-әпкелері өткенің ұмытып,қазақ елінің тарихына бұлыңғыр көз-қараспен қараса, өскелең ұрпаққа өсіп-келе жатқан жастарға ешқандай тәрбие яки білем де бере алмайтыны хақ.Біз өзіміздің Шәкәрім, Мұхтар, Сәкен, Әл-Фараби, Бейімбет, Абай аталарымыздан үлгі насихат алуымыз қажет. Әлі де ол кісілердің қалдырып кеткен жазбалары маңызын жойған жоқ. Әрбір өлең жолдарында, жазған еңбектерінде үлкен мән- мағына, ашшы шындық жатыр.Қазақ елі үшін, атамекен жері үшін соңына дейін қасқайып тұрған батырларымыз, ақын жазушыларымыз, еңбек сіңірген ұлт өкілдері тарихымыздан үлкен орын алады. Біздің бүгінімізде тарих қойнауын да қалары шүбәсіз. Сол жылдары өтпелі, қиын қыстау заман болғанымен қазіргі жағдайымыз жер мен көктей. Ұлт еркіндігін үстем ету үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар аз болған жоқ. Желтоқсан толқыны қатты ызғарлы, әрі қасіретті болғанымен, бәрі өткеннің еншісінде қалды. Дегенмен де бізге желтоқсан жаңғырығы тәуелсіздіктің таңын сыйлады. Қазір ешкімге тәуелді емеспіз.Дегенмен де рухани тәуелсіз болғанымыз бен әлеуметтік жағынан әлі де кіріптар ел секілдіміз.Еңсемізді тіктеп рухани түрде ұлт санасына жаңа бір серпін сыйлау керек секілді.Қазақ халқының руханиятының мықтылығы сонша әлі де тіліміз жойылған жоқ. Бабаларымыздан мұра болып қалған жеріміз,мәдениетіміз барлығы да қазақ халқының тектілігінің, мықтылығынын арқасында. Қазіргі таңда өркендеп, өрлеп отырған әлемдермен тереземіз тең. Елбасымыздын Н.Ә. Назарбаев өзінің жолдауында «Қазақстан-2050:бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында ұлы мақсаттарға жетелейтін-«Мәңгілік Ел» идеясын ұсынған болатын. Барша қазақ елі бұл ұсынысты қуанышпен қабылдағаны үлкен жетістіктердін бір бастамасы.Қазақ еліміздің үлкен бір ерекшелігі-ұлттық тәрбиеге аса үлкен мән беріп қарауы. Ерте заманнан келе жатқан, ғасырлар бойы өз ұрпағын күмбірлеген күміс күйімен, сыбызғы сырнай үнімен, ғашықтық жырымен, асқақтата салған әнімен, мақал-мәтел, шешендік сөз, айтыс-өлеңдерімен тәрбиелеп келгені шындық. Тәуелсіз ел болып, әрқашан сөнбей, арайлы атқан таңға, еңсесі биік ел болып жүргеніміз үлкен жетістік деп білемін.

Ақбөпе Жайлау   


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама