Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Тәуелсіздік - тұғырым
Тақырыбы: «Тәуелсіздік - тұғырым»
Мақсаты:
- Оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту;
- Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру;
- Желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып, патриоттық тәрбие беру;
Сабақтың түрі: ашық тәрбие сағаты
Көрнекілігі:
Тәрбие сағатының тақырыбы жазылған бильборд, Президенттің суреті, Желтоқсан құрбандарының суреттері, слайд және т. б.
Тәрбие сағатының барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. ҚР Мемлекеттік Әнұраны
III. Оқушылардың сөзі
IV. Тәуелсіздік шежіресі
V. Бейнеклип «Желтоқсан желі»
VI. Тәуелсіздік хроникасы
VII. Қазақ биі
VIII. Оқушылардың өлең оқуы
IX. Мақал – мәтел
X. Ән
XI. Қорытынды
1. 1 Ұйымдастыру кезеңі
1. 2 Кіріспе сөз
Мұғалім: Қай халық, қандай ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды. Әр ел өзінің егемен, тәуелсіз болуын армандайды. Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асқан кезеңде тәуелсіздігімізді алдық.. Иншалла олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт - бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Осыған байланысты оның қасиетін оқушылар бойына сіңіру, ұғындыру мақсатында, бүгінгі тәуелсіздік күніне орай өткізгелі отырған «Тәуелсіздік - тұғырым!» атты тәрбие сағатымызға хош келдіңіздер.
2. 1 ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
2. 2 Міне, Тәуелсіздігімізді, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 22 жыл болыпты. Осы азғантай уақыттың ішінде елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері ғасырға пара - пар. Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын - қыстау, қуғын - сүргінді ата - бабаларымыз басынан кешті.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың сөзі: «Біз Қазақстанның Тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті.»
3. 1 Оқушылар:
1 - оқушы: Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады.
2 - оқушы: Тәуелсіздік шежіресіне көз тоқтатып қарайықшы. Сонау дүбірлі батырлар заманынан бері елі мен жері үшін қаншама қан төгілді, қаншама адам құрбан болды.
3 - оқушы: Абылай заманы - батырлар заманы. Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қасық қаны қалғанша ел мен жер үшін айқасқан бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қаншама.
4 - оқушы: Ақтандық жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жылдардағы құрбандар еді.
5 - оқушы: Қашан да өршіл, намысқой, ержүректік қасиетті биік ұстайтын қазақ халқы Ұлы Отан соғысы жылдарында да аянбай шайқасқан.
6 - оқушы: 1986 жылдың 16 желтоқсаны. Қазақтың санасын сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.
7 - оқушы: Бұл теңдік үшін, елдік үшін бас көтерген, тіпті тәнін аямай, жанын пида қылған жастарымыздың аңсаған армандарының, көздеген мақсаттарының ұшқыннан жалынға айналып еңселі ел болған күніміз.
8 - оқушы: Бұл күн халқымыздың қуанып, болашақ ұрпақтың ұрандап еске сақтар күні.
4. 1Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 26 жыл толып отыр.
«Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні – қарындастары 1986 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.
5. 1 Ендеше, «Желтоқсан желі» бейнеклипіне назар аударайық.
5. 2 Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскен де жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды аға - апаларымызды естен шығармауымыз керек.
Осыжелтоқсаноқиғасысалдарынанқазаболғанжазықсызжастарымыздыңрухынабасиіп, орынымыздан тұрып бір минут еске алайық!
5. 3Бірминутүнсіздік.
6. 1Тәуелсіздіктүскенжоққойаспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.
Бүгінде Қазақстан көк байрағы көкке желбіреген, қазына байлығын пайдалана білген, ұрпақтарына ұлттық тәлім – тәрбие берген егемен ел. Аз уақыт ішінде басқаларға өз басымдылығын көрсете білген, экономикасы, мәдениеті өркендеген азиялық айбынды мемлекетке айналды. «Болашақтың барысы» деген айдарлы елдің бірі болуға белді бекем байлап, әлем кеңістігіне бойлай еніп, басым беделге бет түзеуде. Ал осы аз ғана уақыттың ішінде елімізде елеулі өзгерістер болды. Енді, Тәуелсіздік хроникасына назар аударайық.
(слайдта)
7. 1 Қазақ биі «Қара жорға»
Орындайтындар: Айзада мен Рамазан
8. 1 Біздің туған жеріміз, алтын бесігіміз - Қазақстан кең байтақ. Кең байтақ Отанымыздың бір шетінен екінші шетіне жету үшін құс қанаты талады екен. Бәз үшін Отанның шеті де, шегі де жоқ.
Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға, түс кейпін,
Достым білгің келе ме?
Жамбыл: Әуелгі Отан - ана алды, оттың басы,
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді,
Жазда ойнаған үйшік қып сайдың тасы.
Жасұлан: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен -
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
- Дұрыс, балалар, Отан дегеніміз - адамның туып - өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен тұратын мекені.
9. 1 Ал, қазір бәріміз мақал - мәтелдердің жалғасын табу ойынын ойнайық.
10. 1Ән:
Орындайтын: Атапкелова Албина
11. 1 Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер.
Сондай - ақ еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болуымыз керек.
Тәуелсіз Қазақстан - ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып - тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ - береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын,
Еліміз әрқашанда тыныш болсын - дей келе бүгінгі «Тәуелсіздік - тұғырым!» атты ашық тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз. Алтын уақыттарыңызды бөліп, келіп тамашалағандарыңызға көптен - көп рахмет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама