Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Б дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: «Б б дыбысы мен әрпі»
Сабақтың мақсаттары: Б б дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. Оқушылардың ой - өрісін, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорларын, жазу дағдыларын қалыптастыру. Достыққа, жолдастыққа, сыйластыққа, үлкенді сыйлау білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, суретпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Б б әрпі, б дыбысы бар суреттер, б дыбысына байланысты парақшалар.

Сабақтың жүру барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге!

2. Өткенді пысықтау «Ойлан, тап»
Тақтада жасырын суреттер ілулі тұрады. Бетінде жеміс - жидектер. Оқушылар өздері таңдаған жемістерін алу үшін артында жазылған сұрақтарға жауап береді.
Жасырын суреттер.
1. М дыбысы қандай дыбыс?
2. М дыбысына сөз, сөйлем құра?
3. Тамақ түсінгенін айту.
4. Өткен сабақты бекіту.
Гүл дестелеріндегі буындардан сөз құрап айтып, гүлді құрастыру.
И - не, и - ек, ки - ік, ки - ім, ти - ын, ти - ек, жи - ек, ти - ін, ши - е.
Сөз басында «Б» болса,
Бас киімің болады.
Сөз басында «Ө» болса,
Жазда пісіп соламын. (Бөрік - Өрік)
Балаларға жаңа сабақты бастамастан бұрын, жұмбақ өлеңнің жауабын алу арқылы жаңа сабақты бастау.

3. Жаңа сабақ.
Б - ны білген:
Зердесіне тоқи біледі,
Зейінімен оқи біледі.
Заңды сыйлайды,
Заман жайлы ойлайды.
- Балалар осы өлеңде қай дыбыс туралы айтылып тұр.
- Бақбақ сөзіне тоқталу.
- Б б дыбысына берілген сөздермен таныстыра отырып, олардың мағыналарына жеке жеке тоқталып, мағыналарын ашу.
- Б б дыбысының дауыссыз дыбыс екендігіне тоқтала келе, б дыбысы кездесетін сөздерді айту. Сөздердің басында, ортасында, және аяғында кездесетіні туралы түсінік беру.

4. Сергіту сәті.
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
5. Оқулықпен жұмыс.
Тізбектей оқыту.
«Бақбақ» мәтінімен таныстыру. Мәтін бойынша мағлұмат беру.
«Бақбақ» мәтіні бойынша сұрақ - жауап.
- Бақбақ қайда бар?
- Бақбақтың сабағы қандай болады?
- Бақа қандай?
Ол қандай жерде мекендейді?
Сонымен балалар, Б б дыбысы сөздің басында, ортасында және аяғында кездеседі.
- Ауада балаларға Б б дыбысы сөздің басында, ортасында және аяғында кездеседі.
- Б б дыбысын дәптерге орындату.

6. Өз бетімен жұмыс.
Көру диктанты кітаптағы 62 - беттегі сөздерді дәптерлеріне көшіртіп жазғызу.

7. Сабақты қорытындылау.
Ойын «Кім шапшаң?» Гүл өсіру.
Шарты сұрақтарға жауап беру арқылы гүл суретін құрастыру.
Сурет бойынша сөз жасау.

8. Мадақтау.
9. Бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама