tengrinews.kz
- 25 сәу. 2026 08:00
- 24
Теміртаудағы балабақша тәрбиешісі камера жазбасын көрген соң жұмыстан шығарылды
Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы мемлекеттік балабақшада болған оқиға жұртшылықтың назарын аударды. Ата-аналар тәрбиешінің сабақ кезінде кішкентай қыз балаға қол жұмсағанын көріп, қатты шошынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Балабақшадағы жан түршігерлік жағдай
Мектепке дейінгі топтағы камераның жазбалары ата-аналарды есеңгіретіп тастады. Кадрларда тәрбиешінің алты жасар қыз баланы маңдайынан бірнеше рет ұрып, дауыс көтеріп, ашуланғаны көрінеді. Бұл жағдайдың қалай әшкере болғаны әзірге белгісіз.
Тәрбиеші жұмыстан босатылды
Оқиғадан кейін дереу тәрбиеші жұмыстан шығарылды. Ал балабақша директорына сөгіс жарияланды. Теміртау қалалық білім бөлімінің басшысы Халипа Жаудинова бұл жағдайға қатысты: «Бұл факті бойынша Теміртау қалалық білім бөлімі комиссия құрып, қызметтік тергеу жүргізді. Тергеу қорытындысы бойынша тәрбиеші қызметінен заң бойынша босатылды», - деп мәлімдеді.