Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
ТЕСТ: Тұлғалық сипатты сурет бойынша анықтаймыз

Көз – жанның айнасы делінеді, олар біз туралы толық айтып бере алады дейді. Ендеше тұлғалық сипатты анықтайтын тестті ұсынамыз. Бастысы – ақ қағазға көздің суретін салыңыз (өзіңіз қандай көзді қаласаңыз, сондайын салыңыз, қиялға ерік беріңіз). Салдыңыз ба? Енді жазбаға кіріңіз де, сіздің салған суретіңізге ұқсайтынын тауып, сипаттамасын оқыңыз. Иә, бұл идеяға мен де бастапқыда сеніңкірей алмадым, бірақ нәтижесі мені таңғалдырды: шындықтан алшақ кетпеді.

1. Ашық жанды

Әрқашан және әркіммен де қарым-қатынасы түзу, жаңа таныстықтарға дайын. Сіз бүкіл әлемге теріс айналудан гөрі, қауіп-қатерде тәуекел етіп, соққы жеуге де дайынсыз. Сіз қорқып тұрғаныңызды немесе қорғансыз екеніңізді ешқашан көрсетпейсіз. Өз проблемаларыңызды өзіңіз шешуге тырысасыз. Алайда басқа біреулерге қолдау білдірмей отыра алмайсыз, көмекке қуана келісесіз, тіпті өзіңіз қиналып тұрсаңыз да. Егер біреуге көмек қажет бола қалса, сіз әрқашан жәрдемдесуге дайынсыз.

2. Саналы

Сіз әрқашан бастаған ісіңізді лайықты түрде аяқтағыңыз келеді, оны ынта-жігеріңізбен орындайсыз. Барлық әрекетіңіз өзге жандардың өміріне әсер етеді деген сеніммен өмір сүресіз. Сіз жабық адамсыз – көңіліңіз түссе, оны ешқашан көрсетпейсіз. Сіз бақытсыздықты да, әділетсіздікті де көрдіңіз, бірақ сол уайымның барлығын өз ішіңізде сақтайсыз. Сіздің ойыңызда мінсіз адам болу деген мақсат бар, өзіңіз де біреулерге үлгі болуға тырысасыз. Сіз біздің әлемімізге бұдан да артық жақсылық жасай аласыз.

3. Сотқар

Сіздің өткен күндеріңіздің елесі сізді әлі күнге дейін мазалайды. Сіз өткен күндердегі әрекеттеріңізді өзгерте де алмайсыз, сондықтан кем дегенде өмірді қиындатпауды ойлайсыз. Көңіл-күйіңіздің түсіп кеткенін айналаңыздағыларға ешқашан көрсетпейсіз. Қиындықтардың барлығын, ойларыңызды өз ішіңізде сақтайсыз. Ал болашаққа сеніммен қарайсыз. Сіз өзіңіз ойлап тауып алатын кедергілерден өтуден шеберсіз.

4. Дана

Сіз барлық адамды және барлық жағдайды ойлай беретін адамсыз. Сіз әр нәрсенің де терең мағынасын түсінуге тырысасыз. Әрдайым өз ойыңызда шомып, бұл әдеттен арылу қиынға соғады. Егер күдіктеніп тұрсаңыз, оны ешкімге көрсетпейсіз. Қандай да бір мәселе бойынша нақты шешім жасамасаңыз да, өз-өзіңізге сенімді болып көрінесіз. Сіз үшін өмір пазл сияқты: сіз бөлшектерді бір бүтін картинаға жинағанды ұнатасыз. Алайда әлемге келуіңіздің мақсаттарын жете түсінбесеңіз де, онда өзіңізді жайлы сезінесіз.

5. Жұмбақ адам.

Көрінгеннің алдында сырын жайып салатын адамдардың қатарынан емессіз, сондықтан өмірлік серіктеріңізге сәттілік тілейміз. Өз ішіңізде көптеген қарама-қайшылық бар, көңіл-күйіңіз болса әрқашан өзгеріп отырады. Айналаңыздағыларға өзіңіз жайлы көп ашылып айтпайсыз. Сөзшең емессіз, ал ісіңізбен кімді болса да жайпап өтесіз. Сіз бір адаммен сөйлесе бастаудан бұрын оны жете танып алуды ұйғарасыз және нақты білетін тақырыпта ғана сөйлесесіз.

6. Сезімге ерік бергіш

Сіз барлығын жазып отырасыз, ештеңені ұмытпайсыз. Сіз айналаңыздағыларды жақсы сезесіз. Сіздің мінезіңіз әрдайым терең, тіпті болмашы оқиғалар сізге қатты әсер етуі мүмкін. Сізді жылату да, күлдіру де оңай. Сезімталдығыңызды адамдарға жиі көрсетесіз. Өміріңіздегі өзгерістерді дәл болжай аласыз және сирек қателесесіз. Адамның эмоциясын дәл танып, «не болды?» деп бірінші сұрайсыз.

7. Ашушаң

Сіз әрдайым тыңсыз, құмарға берілесіз. Жасандылығыңыз жоқ. Не нәрсеге болса да қарапайым қатынастасыз: не ұнатасыз, не жеккөресіз. Сізде кез келген дүниеге пікіріңіз бар, ақылыңыз жылдам. Бірақ ашуланшақтығыңызды көрсеткіңіз келмейді. Сізде энергия өте көп, жүйкеңіздің анда-санда сыр беруі қалыпты жағдай. Сіз әрдайым жеңіске жеткенді жақсы көресіз. Сіз көмекші бола алмайсыз, бірақ қиялыңыз ұшқыр.

8. Әпенді

Сіздің қызығушылықтарыңыз да, әуестігіңіз де, әрекеттеріңіз де қалыптан тыс. Сіз әрқашан біртүрлілігіңізбен көзге түсетінсіз. Ал дәстүр мен ережелерге мән беріп те қарамайсыз. Әрбір істі өз стиліңізде жасайсыз, бірақ өзгеріс жасағыңыз келмейді. Әлемнен ештеңені де жасырмайсыз – жасыратыныңыз да жоқ. Ал сізді сынап, артыңыздан сөз айтатындар сізге дым да әсер етпейді. Сіз өзіңіз сияқты адамдарды көргіңіз келеді. Нонкоформист болуды ұнатасыз, себебі бұл қызық.

9. Интуит

Сіз адамдарды жақсы түсінесіз. Бір адам жайлы оның ым-әрекетіне немесе даусына қарап тұрып, оның қандай екенін айтып бере аласыз. Сізге біреу-міреу өтірік айтып жатса, оны дереу сезіп қоясыз. Айналаңыздағылармен ашылып сөйлеспейсіз, өзіңіз жайлы тек қажеттіні айтасыз. Сіз өзгелерді ғана емес, өзіңізді де тани білесіз. Біреу сізге билігін жүргізгісі келгенде мұны бірден біліп қоясыз. Әдетте бұл қасиетіңізді пайдалана бермейсіз, бірақ кейде бұл сізге қажет болуы мүмкін.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама