Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Тік бұрышты үшбұрыш. Тік бұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері
Математика пәні мұғалімі Даулетиярова Бағдат

Сабақтың тақырыбы: Тік бұрышты үшбұрыш. Тік бұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері (слайд)
Мақсаты:
• білімділік: тік бұрышты үшбұрыштардың теңдігін дәлелдей білуі және оларды есептер шығаруға қолдана білуі
• дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
• тәрбиелік: өздерінің алған білімдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен тақырыптарға шолу
3. Жаңа сабақ /презентация/
4. Сабақты қорытындылау, бағалау
5. Үйге тапсырма беру
Сұрақ - жауап / өткен тақырыптарға шолу/
Анықтамалар
Үшбұрыш – бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктеден және осы нүктелерді қосатын үш кесіндіден тұратын фигура

Үшбұрыштар теңдігінің 3 белгісін еске түсірейік?
1) Тік бұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері
2) Бір бұрышты тік бұрыш болатын үшбұрыш тік бұрышты үшбұрыш деп аталады.
3) Тік бұрыш жасайтын екі қабырғаның әрқайсысы катет деп, ал тік бұрышқа қарсы жатқан қабырға гипотенуза деп аталады.

Егер бір тік бұрышты үшбұрыштың каттеттері екінші тік бұрышты үшбұрыштың сәйкес катеттеріне тең болса, онда мұндай тік бұрышты үшбұрыштар тең болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама