Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Тік төртбұрыштың, шаршының периметрі
Математика
Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың, шаршының периметрі
Сабақтың мақсат - міндеттері:
А) білімділік: Оқушыларға тіктөртбұрыштың (шаршының) периметрін есептеу тәсілдерін түсіндіріп, тапсырмаларды орындау.
Ә) дамытушылық: Оқушылардың танымдық ойлауын, шығармашылық қабілетін арттыру.
Б) тәрбиелік: Оқушылардың бойында елжандылық, еңбексүйгіштік, адамгершілік пен адалдық, шапшаңдық пен тазалық қасиеттеріне тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын педагогикалық технология: Дамыта оқыту
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі Математикалық турнир
Сабақтың әдістері: Түсіндірмелі, сұрақ - жауап, практикалық,
Сабақтың формасы: Жеке, топпен,
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, тақта, сызғыш, бор, геометриялық фигуралар, слайд беттері, шығармашылық тапсырмалар, таразы

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.
Психологиялық дайындық.
Математика ғылымы - ермек емес, балалық
Математика ғылымы - көрегендік даналық.
Математикалық турнир
І кезең: «Ойна да, ойла»
ІІ кезең: « Білгеніңді дәлелде»
ІІІ кезең: « Ақылыңа ақыл қос»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезең
№6 есеп тексеру

ІІІ. Өткен материалдар бойынша оқушы білімін тексеру кезеңі
Ойна да, ойла!

Кім тапқыр?
Кім білгір?
Ойлан, тап!
Біліміңді көрсет
Тез ойла!

ІV. Мақсат қою кезеңі: Білімдеріне сүйене отырып тік төртбұрыштың, (шаршының) периметрін табу жолдарын меңгерту.

Ү. Жаңа материалды түсіндіру
Көпбұрыш
Фигураларды салыстыру
Периметрдің өмірімізге қажеттілігі бар ма?
Мысал келтіру. (қоршаулар)
Оқулықпен жұмыс: фигураларды өлшеп периметрін табу

ІІ кезең: Білгеніңді дәлелде.
Дәптермен жұмыс: өздік жұмыс
Шаршы сызу Р=3см+3см+3см+3см
Р=12см шаршы
Тік төртбұрыш сызу Р=4см+2см+4см+2см
Р=12см
№2 «Не өзгерді» ойыны
Шарты:
Ойыншық - 30 тг?
Қоңырау -? 6 тг қымбат
Шешуі: 30+(30+6)=66
Жауабы: Барлығы - 66 тг
Шарты:
Зырылдауық - 90 тг
Шығыршық -? 10 тг арзан
Шешуі: 90 - 10=80
Жауабы: Ойыншық - 80 тг

Сергіту сәті:
№3 «Жүйрік болсаң, озып көр» ойыны
а+30, а=27, 8 --------------- 30+27=57 ------------- 8+30=38
а - 6, а=76, 89 -------------- 76 - 6=70 -------------- 89 - 6=83
№4 Теңдеулерді шешу «Кім жылдам?» ойыны
а+8=98
а - 5=40
а - 6=32

№5 «Арифметикалық таразы» ойыны
9+ * =17
9+ * =18
17 - * = 9
18 - * = 9
Балапанға көмектес: (12 * 3) * =5

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті, №249 мектеп - лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі Қирабаева Эльмира

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама