- 26 ақп. 2020 00:00
- 211
Тікен алу
Бір кемпірдің табанына тікен кіріп кеткенде, ол келінен шақырып тікенді алдырыпты.
Келіні тікенді алайын деп кемпірдің табанын жарыққа қарай көтере бергенде, кемпірден «тыңқ» етіп жел шығып кетіпті. Не дерін білмеген кемпір:
— Балам, тікен көріне ме? — депті. Сонда келіні:
— Тікен көрінбейді, апа, бірақ даусы шығады, — депті.