- 05 нау. 2024 03:39
- 214
Тіл мерекесі
Ертеңгілік: Тіл мерекесі
Жүргізуші: - Қайырлы күн, құрметті Ана тіліміздің мерекесіне жиналған қауым. Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған мерекелік ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл мерекеміз елбасымыз «Н. Ә. Назарбаевтың 22 қыркүйек Тіл мерекесі күні болып атап өтілсін деген бастауын қолдап, мерекеге жиналып отырсыздар. Яғни 1997жылы 22 қыркүйек күні қабылданған Қазақстанның тіл туралы Заңында Республика халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқығының негізі бекітілген.
1 - жүргізуші: Балалар құтты болсын тілің бүгін
Ашатын жан сарайын білімдерінің
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан
Тіліңе зер салыңдар бұрынғының.
2 - жүргізуші: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
1 - бала Қазақ тілім өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.
2 - бала Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышы елімнің.
3 - бала Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
4 - бала Бұл гүлденіп жайнаған
Гүлстандар Отаны!
Бірін - бірі сыйлаған
Туысқандар Отаны!
Бұл ғажайып мұратты
Халықтардың Отаны!
Алтын заман құратын
Алыптардың Отаны!
Сол алыптың бірімін -
Отанымның ұлымын!
Тілім, дінім, самғаған, шарықтасын
Самғаудан еш уақыт жалықпасын
Өз алдында өмірден теңдік алған
Ана тілім көгімде қалықтасын.
Жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге сырлы ой салар
Әнді сүйсең менше сүй - деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әсем әнге берейік
Ән топ: Ана - тілін сүйеміз
Жүргізуші: Балалар, бізге қонақ келген сияқты, қане, бәріміз қошеметтеп қарсы алайық. /Муз. Әуенімен залға Ару Ана кіреді.
Ару Ана: - Сәлеметсіңдер ме балалар, құрметті қонақтар! Мен Аруанамын! Cендердің балабақшаларыңда Тіл мерекесі болып жатқанын естіп, сендерге қонаққа келдім! Бұл жерге әр ұлттың өкілдері жиналыпты ғой! Қандай керемет десеңші! Бәрі бір - бірімен тату - тәтті!
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Ару Ана! Біздің мерекеге қош келдіңіз! Жоғары шығыңыз! Біздің Тіл мерекемізге әр ұлт өкілдері құр келмей өз өнерлерін ала келіпті.
Қызылорда қаласы
№7 мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Айтмаханова Бексая Мейрамбекқызы
Тіл мерекесі. жүктеу