«Тілімнің ертеңі – елімнің ертеңі» пікірсайыс сабағының әзірлемесі
«Тілімнің ертеңі – елімнің ертеңі» пікірсайыс сабағының әзірлемесі.
Мақсаты:
• Тыңдаушылардың ана тілінде таза сөйлеуге, сөздік қорларын дамытуға қызығушылықтарын арттыру.
• Заман талабына сай ана тілін туғаннан білу, өзге тілді үйрену қажеттігіне көздерін жеткізу, таза мәдениетті тілде өз ойларын сыртқа шығарып, пікір алмаса білуге дағдыландыру.
• Ана тілінде тек сабақта ғана сөйлеумен шектелмей, күнделікті өмірде, тұрмыста, қызметтерінде сөйлеуге насихаттау.
Ей, тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы!- деп ақын Қ. Аманжолов ағамыз айтқандай осы сабаққа қатысушылармен танысып өтейік. Әрбір тыңдаушы өз атын және өзінің бір жақсы қасиетін айтады. Ол қасиет өз атыңыздың бірінші әрпінен басталса тіпті жақсы болар еді. Мысалы: менің атым Ардақ мен адалмын.
Негізгі іс - әрекетке көшпес бұрын екі топқа бөлініп, бірінші тапсырма орындалады. Келген конверттің сыртындағы суретке байланысты әр топ өзіне ат қояды. (Бір конверттің сыртында «Шаңырақ», екінші конверттің сыртында «Қыран»)
І тапсырма. «Сөз мерген» деп аталады.
Шарты: Әр топ бір конверттен таңдайды. Конверттің ішінде орысша сөздер жазылған парақшалар, топ мүшелері жылдамдықпен сөздерді аудара отырып, бірінші әріптерімен сөз құрайды, сол шыққан сөздерден қанатты сөз немесе мақал құрау керек. Қанатты сөздің құрамындағы сөздер қанша болса парақшалар саны сонша болады (І конвертте сын есімдер 6 парақша, ІІ конвертте зат есімдер 5 парақша)
Ұсынылатын мақалдар: « Бал тамған тілден у да тамар», «Ана тілі алпыс тілге татиды»
І конверт
№1 парақша
Знающий
Верный
Должностной
№2 парақша
Успешный
Драгоценный
Добрый (милосердный)
Ученый
Знаменитый
Гордый
№3 парақша
Природный
Деловой
Подходящий
Мудрый
Трудолюбивый
Настоящий
№4 парақша
Пессимист
№5 парақша
Одаренный
Гражданин
№6 парақша
Родной
Золотой
Хвастун
Умный
Официальный
ІІ конверт
№1 парақша
Небо
Честь
Гуманизм
№2 парақша
История
Жемчуг
Должность
Дело
№3 парақша
Информация
Планерка
Квартира
Посуда
Доверие
№4 парақша
Дружный
След
Мутная вода
Цветок
Экзамен
№5 парақша
Судьба
Инструмент
Волна
Хозяин
Проспект
Примета
Екі мақалда да ортақ тірек болып тұрған қандай сөз? «Тіл» деген сөз. Бұл – халықтың арқасында ешқашан ескірмейтін, мәңгі жасайтын сөз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы да осы сөзден туындайды: «Тілімнің ертеңі – елімнің ертеңі»
КІРІСПЕ СӨЗ
Туған елім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! – деп, ақын Әбділдә Тәжібаев жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Әр ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп анық жазған, "Тіл туралы” заңда да осы жағдай берік қамтылған. Ол тілдерді қолдану мен дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларда да көрініс тапты. Біздің азаматтық парызымыз – тіл заңындағы талаптарды жүйелі түрде жүзеге асыру.
Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір азаматтың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымыз, салт - санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің.
Қазақ тілі - өте бай тіл. Амал не, осындай әдемі туған тіліміз бола тұра өзге тілде сөйлейтіндер де көп. Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де болашағынан да қол үзеді.
Туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезеңнен басталуы тиіс. Айналаңды танып білу, туған тіліңді білуден басталады.
Сабақ пікір алмасу түрінде өтеді, сондықтан ойымызды жинақтап, сөзіміз барынша көркем болып шығуы үшін алдымен біраз ой - қозғау тапсырмаларын орындайық.
І кезең. «Сөз атасы – мақал»
Шарты: Оқылған мақалды жалғастыру.
І топ:
1. Ең тәтті де тіл,...(ең ащы да тіл).
2. Әдеп пен тәртіп...(тілден басталар).
3. Тіл - қылыштан...(да өткір).
4. Тіл мәртебесі -... (ел мәртебесі).
5. Сөз тапқанға... (қолқа жоқ).
ІІ топ:
1. Шебердің қолы - ортақ,...(шешеннің тілі - ортақ).
2. Тіл жоқ жерде -... (ұлт жоқ).
3. Өнер алды -...(қызыл тіл).
4. Тіл тас жарады, тас жармаса,... (бас жарады).
5. Жылататын да – тіл,... (жұбататын да – тіл)
Езутартар. Қызықты логикалық сұрақтар.
Біздің бүгінгі сабақтағы негізгі іс - әрекетіміз – пікірсайысқа көшейік. Бірінші сұрақ бойынша әр тыңдаушы өз ойын ортаға салады:
Сіздің ойыңызша, өзіңізді қоршаған ортада (ана тіліңіздің) мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жағдайы қандай?
Жетекші сұрақтар:
Отбасында қай тілде сөйлесесіздер?
Достарыңызбен жиналғанда тілекті қай тілде айтасыздар?
Жұмыста қай тілде сөйлесесіз?
Тыңдаушылардың ойларын тыңдаған соң, ойлау қабілеттерін шыңдай түсу мақсатында, грамматика тақырыбы бойынша ЖҰМБАҚ жасырылады:
Ақмола облысы, Бурабай ауданы
Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы
Мадиева Айман Кәрібайқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.