- 05 нау. 2024 02:33
- 240
Тың игеру
Қарағанды облысы,
Сәтбаев қаласы, №3 орта мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі
Сулейменова Молдир Болатбековна
9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тың игеру
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың өздігінен білім алуына жағдай жасай отырып, « тың игеру» тақырыбын меңгерту.
Дамытушылығы: Оқушылардың алған білімін одан әрі жетілдіре отырып, шығармашылық ізденістерін дамыту
Тәрбиелілігі: Оқушылардың патриоттық сезімдерін оятып еңбек адамдарының ерлік істерін дәріптей отырып, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топпен
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Көрнекілік: Тың және тыңайған жер туралы слайд, кластер
І. Ұйымдастыру
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Тақырыпты ашу.
Қызығушылықты ояту.
С. Мәуленовтың «Дала дәптерінен» үзінді оқылады.
Көнбей адам ырқына
Жаңа атқан тың дала
Жаңа совхоз жұртында
Жалғыз шатыр
Бір қада.
Боран
Боран
Бұрқыраған
Бастырмайды бір қадам.
Қарды аспан диірмені
Бұрқыратып ұнтаған
Күресіңді күрт бұзып,
Жел күреді сапырып
Көкте ойнады бұлт жүзіп
Найзағайы атылып.
Жалғыз шатыр
Бір қада -
Кіші - гірім бір қала
2. Бағалау парағы
3. Кластер. Тың және тыңайған жерлер.(3 топқа беріледі.)
4. «Түртіп алу» стратегиясы
Осы сабақ барысында кездескен, бірақ сіз түсінбеген жаңа сөздерді, ұғымдарды өзіңіз белгілеп отырыңыз, «білемін», яғни +; «білмеймін», яғни -; қойып. Кейін сіздер бір - бірлеріңізге бұл сөздерді түсіндіресіздер, егер ешқайсыларыңыз білмеген жағдайда мен түсіндіремін.
- Мысалы: сабағымыздың тақырыбы сіздерге түсінікті ме?
- Тың жерлер деп ғасырлар бойы жыртылмаған, ал тыңайған жер деп жыртылған, бірақ, бірнеше жылдар бойы пайдаланбай жатқан жерлерді айтамыз.
б) Экология – табиғаттағы өзгерістерді, құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды, адамның іс - әрекетімен үйлестіре отырып зерттейтін комплексті ғылымдар жиынтығы.
в) Демография - халықтың құрамын, санын және оның өсуін, өнуін, көбеюін, азаюын зерттейді.
г) Эрозия - қандай да бір нәрсенің жоғарғы қабатының толық немесе ішінара бұзылу үрдісі.
5. Мәтін оқу.(5 минут)
6. Мұғалімнің сөзі.(5 минут) Тың трагедиясын ешқашан ұмытуға болмайды. Өйткені далам жыртылды, тілім қырқылды!
Бұған себеп болған не? Айталық: 1950 - ші жылдардың басында 10 миллион адам Кеңестің түрмесінен босап шықты. Оларды жұмыспен қамту аса қиындық туғызды. Оның үстіне көбі басбұзар, қылмыскер болатын. Осыларды «Тың игеру» деген желеумен қазақ жеріне түгелдей аттандырды. Аз уақыттың ішінде 1,5 миллион адамды қаңбақша айдап әкелді. Соның салдарынан 1959 жылы халқымыз қара шаңырақ, ата-мекенінде соры қайнап 30 пайыздан аспай қалды.
Сол жылдары Қазақстанға келген Бас хатшы Н. Хрущев Жалтыр стансасында күллі тыңгерлер алдында сөз сөйлеп былай деген: «…жергілікті халықтан үміт күтпеңдер. Қазақтар жаратылысында тоғышар, жалқау халық. Мына жердің иесі олар емес, сендерсіңдер. Өз жерлеріңе ие болыңдар!» деп тыңгерлерді еліртті. Ондай қорлыққа шыдай алмаған ағаларымыз жер-жерлерде қарсы шығып, бой көрсеткендерін, мәселен Ақмола базарының ішінде үлкен ақсақалдарымыз шананың жетегін қару қылып сілтей жапырғандығы туралы айтылады.
Қысқасы декабристердің өкілі П. И. Пестель «Русская правда» басылымында: «…барша бұратана халықтардың басын құрап, бір ғана орыс тілді халық жасап, барлық елді мекендердің аты орысша қойылуы керек» деп жазғанын тың игеру кезінде солтүстік қазақтары бастан кешірді.
7«Редакторлық өңдеу» стратегиясы.
Керекті әріптермен толықтырып жаз.
Толық нұсқасын жүктеу