- 05 нау. 2024 02:33
- 142
Оқушылардың әдебиет сабағына қызығушылығын арттыруда дәстүрлі емес сабақтардың маңызы
Алматы облысы, Райымбек ауданы,
«Ақтасты орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бекмұратова Дина Мәлікқызы
Оқушылардың әдебиет сабағына қызығушылығын арттыруда дәстүрлі емес сабақтардың маңызы
Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты - адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның ұлттық дүниетанымын қалыптастыру, сол арқылы оқушының жан дүниесінің баюына, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау. Қазіргі таңдағы әрбір жас бәсекеге қабілетті, ой өрісі кең, адамгершілігі мол, адамдармен дұрыс қарым қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез келген мәселені істеп шығудың жолын таба алатын жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда өз орны бар, іскер, жеке тұлға болып қалыптасуы керек.
Осы орайда мектептегі қазақ әдебиеті сабағының алатын орны ерекше. Әдебиет сабағын өткізу үшін концерт, лекция, кездесу, конференция, диспут, дебат, ауызша журнал сабақтарын, яғни сабақтың дәстүрлі емес түрлерін пайдаланудың маңызы зор.
Сабақтың дәстүрлі емес түрлері оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. әрі олардың өздерінің өзіндік жұмыс жүргізуіне, ізденуіне, өмірге, өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып, ойларын кеңейтіп, тілдерін дамытуға бере пайдасы зор. Мысалы халық ауыз әдебиетінің түрлерін, өткенде театрландырылған сабақтарды өткізуге болады. Танымал кейіпкерлеріміздің іс әрекеттерін кітаптан құр оқығанша, сценарий құрып, оқиғалардың бәрін сахналық көрініс арқылы көрсету тиімді.
Белгілі бір оқиғаны сахналау, топпен жұмыс жүргізу арқылы оқушылар актерлік мамандыққа әуестеніп, өнерге талпынады. Өздеріне лайықты рольдерді таңдап алып, ізденуі ойларының кеңейіп, тілдерін дамытып, сөздік қорларын молайтады. Үлгерімі төмен оқушыларға әсер ететіні сөзсіз.
Сонымен қатар «Жарыс»сабағы,»Дебат», «Баспасөз конференция сабақтарында оқушылар жеке және топтық жұмыс жасайды. Оқушылар бір бірімен араласып, өзара түсініседі, ортақ мақсатты жүзеге асыру жолында бір кісідей жұмыла кіріседі. Мінездерінде және өмірге көзқарастарында өзгешеліктер пайда болады. Оқушы білім тереңдетіледі. Сол білімді өздерінің еңбегі мен талпынысы негізінде, ғылыми стильде сөйлей білуге, өзіндік терең ойлауға, өз пікірін қорғай білуге жол ашады. Бәсекелестік артады.
М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын, С. Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңін, А. Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасын өткенде дебат сабақтарын, М. Әуезовтың «Қараш - қараш оқиғасы»шығармасында, ақын жазушылардың өмірі мен шығармашылығын өткенде, баспасөз конференция сабағын, ауызша журнал тағы басқа сабақтарды өз тәжірибемде пайдаланып келемін.
К. Ушинский «Оқушы білімді өз бетімен жасай білгенде ғана тиянақты игереді. Ал егер оқушы білімі алу барысында ешқандай өз бетімен жұмыс жасау қабілетін танытпаса, алған білімі тез ұмытылып, қажет жерінде қолданыла алмайды» деген.
Еліміз егемендікке қол жеткізген тұста оқытуда осындай сабақтардың оқушының өзіндік ізденісін дамытып, заман ағымына сай жаңашыл, ізденімпаз тұлға болып қалыптасуына септігі тиері сөзсіз.