Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 сағат бұрын)
Толағай отбасылық сайыс
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы
«Балапан» балабақшасы Дене шынықтыру жетекшісі:
Секербекова Жазира Бейсенбековна

Тақырыбы: «Толағай» отбасылық сайыс
Мақсаты: Балалардың дене бітімін жақсарту, оларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Өмірде белсенді болуға, алға қойылған мақсатты орындауға үйрету.
Көрнекі құралдар: доптар, қаптар, гимнастикалық орындықтар, кегли, секіргіш, үрленбелі аттар, геометриялық пішіндер, шығыршықтар, тунель.
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, балалар, балабақша қызметкерлері! Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан - жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру отбасының, балабақшаның, жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян. Балабақшамыздың да негізгі мақсаты – болашаққа жас ұрпақты халқына қалаулы, ата - ананың мақтанышы, дені сау, сымбатты, шыныққан, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.
«Отбасы» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Толағай» отбасылық сайысына қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайысқа «Айгөлек», «Балбөбек» орта топтарының тәрбиеленушілері мен ата - аналары қатысады:
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой - көгіне бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң,
Отбасыларды шақырамыз.
Жүргізуші: Әнұраным, жан, ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім,
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам - Әнұраным
(Әнұран орындалады).

Әділқазы бағалар,
Ойыншылар сайысын
Ешкімнің жоқ алалар.
Жеңімпаз болу – үлкен сын, - деп әділқазы алқасымен таныстыру.
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңіздер!

Жүргізуші: Сайысқа 4 отбасы қатысады.
«Сұңқар» тобының отбасы мүшелерін ортаға шақырайық
Еркебұлан, Венера, Ұлжан
«Көгершін» тобының отбасы мүшелерін ортаға шақырайық
Ерзамат, Сұлушаш, Айзат
«Тұлпар» тобының отбасы мүшелерін ортаға шақырайық
Еркебұлан, Жанар, Абылай
«Қарлығаш» тобының отбасы мүшелерін ортаға шақырайық
Қуандық, Гулзат, Бірғаным

Өнер қуып отбасы өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген топтар кезектесіп,
Таныстырып өздерін кетер дейміз.
(Топтар өздерін таныстырып, ұрандарын айтады).

1. «Тұлпар» тобы
Біздің ұранымыз:
Биіктерге тұрамыз,
Жұлдыз болып жанамыз.
Бірлікпенен күш қосып
Тұлпарларша шабамыз

2. «Көгершін» тобы
Біздің ұранымыз:
Көгершін самғар әлемді
Қабылда біздің сәлемді
Қарлығаш пен Сұңқардай
Құспыз ғой бізде кәделі

3. «Сұңқар» тобы
Біздің ұранымыз:
«Сұңқардай самғаймыз
Жарыстан қалмаймыз».
Жеңіске жетеміз - деп,
Жалынды ұран тастаймыз.

4. «Қарлығаш» тобы
Біздің ұранымыз:
Қарлығаш тобы сіздерге
Жалынды сәлем береді
Сүрінбей өтіп сындарған
Жалынды ұран тастаймыз

Жүргізуші: Жанға қуат - шынығу,
Жаттығу, тынығу.
Сымбатты болуда,
Спорттың жолында, - деп сайысымызды бастамас бұрын сіздерді дене қыздыру жалпы жаттығуын жасауға ортаға шақырамын.
1. Аяқ алшақ қол белде басымызды бір, екі оңға иеміз.
2. Мойынымызды бір, екі алға, үш, төрт артқа айналдырамыз.
3. Қолымызды иығымызда бір, екі алға, үш, төрт артқа айналдырамыз.
4. Қолымызды алға созып қайшылаймыз.
5. Аяқ алшақ бір қолымызды алға созамыз, екі аяқтың ұшына жеткіземіз.
6. Тыныс алу жаттығуы.
(Ән ырғағымен жалпы жаттығу орындалады)

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама