Томпаңдаған бөбегім, Ертеңіңе сенемін!
Ата - аналармен жұмыс
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балалардың мінез - құлқы, бейімі, қызығушылығы, мүмкіндігін т. б. тереңірек зерттеу. Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.
Барысы:
Тәрбиеші: Атамыз қазақ «Бала - адамның бауыр еті», «Балалы үй - базар»- дейді.
Өйткені бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі.
Ал біз қазіргі уақытта жұмысбастылықпен балаларымыздың іс - әрекеті, мінез - құлқы, қызығушылығы мен бейімділігіне немесе күнделікті көңіл - күйіне жеткілікті көңіл бөлеміз бе?
Балаларымыз қалай өсіп келеді?
Алдағы жарты сағат уақыт ішінде осы сұрақтар төңірегінде ойланып көрмекке ортамызға бір топ ата - аналарымыз қонақ болып келіп отыр, таныс болыңыздар:
----------------------------------------
Тәрбиеші: Бүгінгі басқосуымыз әдеттегі іс - шараларға қарағанда өзгеше.
Бүгін сіздер бір сәт балалық шақтарыңызға қайта ораласыздар, балаларыңыздың көзқарастарына сәйкес ойланасыздар, балаларыңызды өздеріңізге беймәлім қырынан танып білулеріңіз де мүмкін. Ендеше іске сәт дейік!
Тәрбиеші: І кезеңіміз «Менің балам...» деп аталады. Бұл кезеңде сіздерге өз балаларыңызды барынша мақтап қалуға мүмкіндік бар. Әңгімелеріңізді кезекпе - кезек «Менің балам..»- деп бастап, әрі қарай өз балаларыңыздың тәтті қылықтары, мінезіндегі, түр – сипатындағы ерекшеліктері, т. б. туралы баяндау ұсынылады. Дайын болсақ бастайық!

Тәрбиеші: Әңгімелеріңіз үшін көп рахмет. Өз балаларыңызды өзгемен шатастырмайтындарыңыз белгілі болды. Десе де сіздерге кішкентай ғана бір емтихан ұйымдастырған едік, тамашалап көрсек...
(Бейнетаспада әр түрлі карнавалдық костюм киген балалар өз еріктерімен ойнап жүргендері көрсетіледі)
Тәрбиеші: Мына бейнетаспадан өз балаларыңызды іс - қимыл, жүріс - тұрысынан дөп танып айтып берсеңіздер....... (Ата - аналар жауабы)
Тәрбиеші: Жауаптардың дұрыс бұрыстығына көз жеткізу үшін экранға назар аударайық. (Тәрбиеші қорытындысын шығарады)
Тәрбиеші:............................. отбасы өздерінің алғашқы ұпайларын жинап та үлгерді. (............................. отбасында әлі де ұпай жоқ.) Байқап отырғандарыңыздай әрбір дұрыс жауап үшін қоржындарыңызға 1 ұпай қосыла береді, тиісінше бұрыс жауапқа ұпай берілмейді.
Тәрбиеші: Келесі кезең «Жедел тест» деп аталады. «Жедел тест» құрамына кіретін 2 сұраққа сіздердің балаларыңыздың жауаптары алынып қойылған, дәл сол сұрақтарға енді сіздер көп ойланбай тез арада жауап берулеріңіз керек. Балаларыңыздың жауабымен сәйкес келген жауаптарыңыз үшін 1 ұпайдан иеленесіздер. «Жедел тест» құрамындағы 3 - сұрақ тек сіздер үшін қойылады, өз ойларыңызды білдіруге мүмкіндік аласыздар. (Жедел тест слайд арқылы көрсетіледі.).............................. отбасы алғашқы жедел тест сіздер үшін:
І жедел тест
1. Балаңыздың ең сүйікті асы не?
А) Жарма ботқасы Ә) Сорпа Б) Дүкендегі дайын тағамдар В) Қуырылған картоп
2. Өскенде балаңыз кім болғысы келеді?
А) Дәрігер Ә) Әнші Б) Елбасы В) Сарбаз
3 Балабақшадағы тәрбиешілерінің есімдерін білесіз бе?
ІІ жедел тест
1. Балаңыз отбасында «кімнің баласы?»
А) Атасы мен әжесінің Ә) Әкесінің Б) Анасының В) Бәрінің
2. Балаңыздың ең жақсы көретін ойыншығы не?
А) Машина Ә) Қуыршақ Б) Құрастыру ойыншығы В) Доп
3. Балаңызды қалай еркелетесіз?
ІІІ жедел тест
1. Балаңыз неден қорқады?
А) Қараңғыдан Ә) Иттен Б) Жалғыз қалудан В) Қорықпайды
2. Балаңыз қандай мультфильмді қызығып тамашалайды?
А) Саяхатшы Дара Ә) Том және Джерри Б) Алдар көсе В) Білмеймін
3. Бала, отбасы, ата - ана тақырыбында бірнеше мақал айтып берсеңіз?
ІV жедел тест
1. Балаңыз күнделікті ұйқыға кетерде нені қалайды?
А) Ертегі Ә) Әлди әнін Б) Арқасын сипалағанды В) Ойыншығын құшақтағанды
2. Балаңыздың ұнатпайтын тағамы не?
А) Бұршақ сорпасы Ә) Қарақұмық ботқасы Б) Қырыққатпар сорпасы В) Сүт көже
3. Балаңызбен соңғы рет бірге жаттаған тақпағыңызды айтып беріңізші?
V жедел тест
1. Балаңыз қандай өнерге бейім?
А) Әнге Ә) Биге Б) Сурет салуға В) Мүсіндеуге
2. Балаңыз қандай ойын ойнағанды ұнатады?
А) Компьютерлік Ә) Тыныш ойындар Б) Қимылды ойындар В) Логикалық ойындар
3. Балаңыздың топта бірге ойнайтын жақын достарын атап бере аласыз ба?
VІ жедел тест
1. Балаңыз кімді идеал тұтады?
А) Әкесін Ә) Елбасын Б) Тәрбиешісін В) Мультфильм кейіпкерін
2. Балаңыз жаңа жыл ертеңгілігінде қандай кейіпкер болып киінді?
А) Аю Ә) Күлдіргіш Б) Ноян В) Ханзада
3. Балаңыздың бойындағы қандай мінезіне көңіліңіз толады және қандай
мінезінің өзгергенін қалар едіңіз?
Тәрбиеші: Белсенділіктеріңіз үшін көп рахмет! Балаларыңыздың тәрбиесіне алаңдаулы көңілдеріңіз қуантарлық. Сонда да болса кейде жұмыстан шаршап немесе бірдеңеге ренжіп келгенде «ашу - дұшпан, ақыл - дос» екендігін ұмытып кетпеудің бір жолы ретінде сіздермен бір тренинг ұйымдастырғым келіп тұр. Барлығыңызды ортаға шақырамын.
Тренинг «Егінші»
Тәрбиеші: Көп рахмет, орындарыңызға отыруға рұқсат. Келесі тренингті мен көрермен ата - аналармен ұйымдастырсам деймін. Өз қалауларыңызбен ортаға шақырамын.
Тренинг «Менің тілегім.....»
Тәрбиеші: Сәл сергіп қалдық. Енді ойынымызға қайта оралайық. Сіз бен біз үшін ортақ балаларымыздың тұлғалық қалыптасу үдерістерін тереңірек түсіну аса маңызды. «Бала тілі - бал» атты келесі кезеңде бүлдіршіндеріміз бал тілдерімен жұмбақтар жасырады, сіздер кезек күтпестен шешімін табуларыңыз керек. Экранға назар аударыңыздар. (Экранда балалар жеке - жеке жұмбақтар жасырады, ата - аналар шешімін табады)
Тәрбиеші: Тілдерін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ой - өрістерін
өсіру мақсатында балаларыңызбен жиі - жиі жұмбақ, жаңылтпаш, тақпақ т. б. жаттауға, күнделікті сөйлесіп тұруға кеңес береміз.
Тәрбиеші: 3 кезең бойынша:
................................................ отбасы....................... ұпай

................................................ отбасы....................... ұпай жинады.
Құттықтаймыз!
Тәрбиеші: Балалар ертегі тыңдағанды жақсы көреді. Ал сіздердің ертегі айтуда тәжірибелеріңіздің бар - жоқтығын ІV «Сахнада самғаймыз!» кезеңінде байқап көретін боламыз. (Конвертке салынған «Бауырсақ» ертегісі кейіпкерлерінің атрибуттары мен сөздерін өз қалауларымен таңдап алуды ұсынады)
Тәрбиеші: Кейіпкерлердің дауыс интонациясы, іс - қимылдарын нағыз әртістерше сомдап көруге мүмкіндіктеріңіз бар. Назарымыз сіздерде!
«Бауырсақ» ертегісінің сахналық қойылымы
Тәрбиеші: Барлығыңыздың да ұпай қоржындарыңыздың тағы да 1 ұпайға толығуымен құттықтаймыз!
Тәрбиеші: Бүгінгі басқосуымыз аяқталып та келеді. Сөз соңында сіздерді тағы да ғажайыптар әлеміне шақырсам деймін. Егер сіздің қармағыңызға алтын балық ілініп, ең маңызды, ең, ең, ең..... деген жалғыз ғана тілегіңізді орындаймын десе қандай тілек тілер едіңіз?
Алтын балыққа тілек. (Барлық ата - аналар жауабы)
Тәрбиеші: Жақсы тілектеріңіз періштенің құлағына шалынсын. Бүгінгі күні алдымызда томпаңдап жүгіріп жүрген бүлдіршіндеріміздің ертеңгі күндері жарқын болсын! (ұпайларды айтып өтеді) Бүгінгі басқосуымыздың нүктесін қойып, өз пікірін білдіру үшін балабақшамыздың меңгерушісі................. құрметпен сөз кезегін ұсынғым келеді.
Қорытынды сөз. Марапаттау.
Қызылорда қаласындағы №8 «Бүлдіршін»
санаториялық балабақшасы коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің музыка жетекшісі
Жұмабекова Бибігүл Мүсірепханқызы