Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Төрт түлік мал мен егіншілік. Ақ бидай
САБАҚ: Төрт түлік мал мен егіншілік. Ақ бидай.
7 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру.
- шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
• Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.
Оқушылардың басым бөлігі:
• Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.
Кейбір оқушылар:
• Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Бағалау критерийі:
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Ресурстар: Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс - тәсілдер Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі, тарих.

Басталуы 5 минут
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
А) Шаттық шеңбері жиналып, оқушылар бір - бірен жақсы тілектер айтады.
Ә)«Көрші»
Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір - біріне жылылық сыйлау.
Нұсқаулық:
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,
Бүгінгі тренинг барысы,
Біз үлкен отбасы.

Ортасы 20 минут Үй тапсырмасын тексеру.
А4 парағына өткен сабақта өткен жаңа сөздерді жазады.
Қуаңшылық – засуха
Нашар – слабо, бедно.
Мұң - зарына – печаль, горе.
Зая кетпей – не зря, не даром.
Айырылмас – не разлучный.

Оқулықпен жұмыс. Сауатты оқу үшін 4 - тапсырманы орындату. (50 бет)
Берілген етістікті жекеше түрде жікте.
Айналысу, тұру.
І. Мен айналысамын, тұрамын.
ІІ. Сен айналысасың, тұрасың.
Сіз айналысасыз, тұрасыз.
ІІІ. Ол айналысады, тұрады.

Сергіту сәті. Физминутка.

Берілген сөздерді септеу, жалғауларын белгіле. (бидай, адам)
Атау – кім? не?
Ілік – кімнің? ненің? – ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің.
Барыс – кімге? неге? қайда? – ға, - ге, - қа, - ке.
Табыс – кімді? нені? - ны, - ні, - ды, - ді, - ты, - ті.
Жатыс – кімде? неде? қайда? – да, - де, - та, - те.
Шығыс – кімнен? неден? қайдан? – нан, - нен, - тан, - тен, - дан, - ден.
Көмектес – кіммен? немен? – мен, - бен, - пен.

А. с. бидай
І. с. бидайдың
Б. с. бидайға
Т. с. бидайды
Ж. с. бидайда
Ш. с. бидайдан
К. с. бидаймен
Мектеп: Островская орта мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: Бекерыс А.
Төрт түлік мал мен егіншілік. Ақ бидай. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама