- 20 ақп. 2022 00:00
- 255
Тренд қуған жастар едік
Қазіргі қазақ жастары мен бұрынғы жастарды салыстырсақ, айырмашылығы жер мен көктей екені айдан анық. Бүгінгі заман – жаңа заман. «Атың шықпаса жер өрте» - демекші, тренд қуып жүрген жастармыз. Ұрпақ ауысқан сайын, заман да жаңарып барады. Заманымыз дамып, өркениетіміз қалыптасқан сайын жастарымыз өздерің көрсете алмай жүрген секілді. Көптеген трендтерді қуып, халық арасында күлкіге қалып, талқыға салынып жатқан жайы бар. Солардың біріне қысқаша тоқтала кетсем, бүгінгі күні бұрынғы бабаларымыздың қайсар рухынан айырылып, арыстандай айбатты ер жігіттеріміз тәндерін, жыныстарын ауыстырып жатыр. Бұл мәселені қазір қолға алмасақ, болашақта Қазақстан Республикасының мүддесін қорғайтын нағыз ер жігіттердің саны мүлдем азайып, азғындалып кетері анық. Менің ойымша, қазақ жастарына рухы биік, сезімі сергек, сезімтал болған жарасады. Қазақта «Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмесе, жұрт ісі де түзелмейді» деген сөз бар. Келешекте жастарға жақсы бағдар беру үшін, өзімізден бастайық. Қазақ жастарына айтарым, не істесек те, ақылмен істелік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік. Тренд қуғанша, өзімізді жақсы сан алуан бағыттардан көрсете отырып, биіктерді бағындырайық, ұлттық санамызды қалыптастырайық.
Жалпы «тренд» сөзіне келетін болсақ, көптеген жастарымыз месенджерлер арқылы бір адамның айтқан сөзін, не болмаса іс-әрекетін қайталап, оны ойын күлкіге айналдырып, өз шынайы болмысын бұрыс санада қалыптастырып көрсетуді тренд деп ойлайды. Мүлдем олай емес. Біздің жастарымыз осы жат іс-әрекетті сәнге айналдырып, тым шектен шығып кетті. Бұрыңғы қазақ батырларымыз өз-өздерін көрсеткілері келген жағдайда не істеген? Батылдықтарын танытып, жауға қарсы тұрып, ойсырата жеңген. Солайша өз есімдерін қазіргі күнге дейін ел жадында және тарих беттерінде қалдырған. Қазіргі жастарға келетін болсақ, арзан ұранға ерушілік қасиеттері саналарын улауда. Бұны мен өткен заманға оралу мақсатында айтып отырған жоқпын. Бүгінгі күн жаңа заман болғандықтан, заманға сай болуымыз керек екенін айтқым келеді. Дегенмен, өз адами құнды-лықтарымызды жоғалтпайық, ұлттық санамызды қалыптастырайық деген ойымен айтып отырмын. Еліміздің болашағы ғылым мен білімнің дамуына тікелей ықпал ететін бүгінгі жастардың ақыл-ойында, қолыңда екендігіне кепілдік беремін.
Қарой ЖББМ 11-сынып оқушысы Рамазан Айнұр Еркешқызы