Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Туған өлкенің байлықтары
Атырау қаласы,
№ 8 «Ақбота» шипа - жай типті
бөбекжай - балабақшасы тәрбиешісі
Сабиргалиева Дамели Муслимовна

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет түрі: Қоршаған орта
Тақырыбы: «Туған өлкенің байлықтары»
Мақсаты: Балаларға туған жердің көрнекі жерлерімен, байлықтарымен таныстыру, білімдерін кеңейту. Өзінің туып өскен жеріне, еліне, Отанға Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілігін арттыру. Ой – өрістерін, танымдық шығармашылық қасиеттерін дамыту. Табиғатты аялауға, қорғауға, қазба байлықтарын сақтауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: мұнайлы қала, балық түрлері Билингвальді компонент: балық - рыба, мұнай - нефть, қала - город.
Көрнекіліктер: Атырау балық зауыттың фото – суреттер көрмесі, мұнай мен одан шыққан шикізаттар, қаланың суреттері, ойынға қажетті ау қармағы мен балықтардың түрлері.

Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс – әрекеті
Мотивациялық - қозғаушы
Шаттық шеңбер:
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын алайық,
Таза ауаны жұтайық,
Жүрекке жылу салайық,
Мейірімділік шоғын алайық,
Жиналған жылы шуақты,
Қонақтарға шашайық.

Іздену – ұйымдастырушы - Балалар, біз қай Республикада тұрамыз?
- Дұрыс айтасыңдар, біздің мемлекетіміз Қазақстан Республикасы. Ол үлкен, бай өлке, мұнда тоғай, өзен, көл, бау – бақша, ауыл, қалалар көп (картаны көрсету)
- Ал, өзіміз қай қалада тұрамыз?
- Атырау қаласы қандай қала?
Балалардың әңгімесі тыңдалады.

- Олай болса, қазір біз ойын ойнаймыз «Бұл қаланың қай жері» сурет арқылы қаламыздың жерлерін сипаттаймыз. Балаларға қаланың әр жерінен түсірілген бейне - суреттер беріледі, балалар оның қай жер екенін әңгімелейді.
- Балалар, қаламыздың байлықтары туралы не білеміз? Қаламызда қандай өзен ағады? Өзенде қандай балықтың түрін білесіңдер? Теңіз барма бізде?
Көрме ұйымдастыру, тәрбиешінің әңгімесі:
Балаларға «Атырау балық» зауытының көрмесі туралы әңгімелету. Мұнда сазан, табан, сыла, жайын, қаракөз, көксерке, қызыл балық немесе бекіре тұқымдас балықтар кездеседі. Теңіз бен өзеннен ауланған балықтарды, балықшылар зауытқа тапсырып, оны тазалап, өңдеп, кептіріп, қақтап, қайнатылған дәмдеуіштер салып, қаңылтыр(темір) немесе пластмассаға салынған ыдыстарды қолданып дайын өнімдерді түрлі дәмді балықтар дүкен сөрелеріне жіберіп тұрады. Мұны бізге дайындап жасап алдымызға қойған, балықшылар мен зауыттағы жұмысшылардың еңбектері деп бағалаймыз. Олардың еңбектерін мақтан етеміз. Олар қысы – жазы демей салқын суға түсіп, денсаулықтарын аямай бізге осындай су байлықтарын аулап беруде. Балық жеген адамның ағзасына жақсы әсер беріп, жеңіл тамақ әрі дәрумендерге бай тағам. Мұндай адам өзін сергек сезініп, жеңіл жүреді, әрі дені сау болады.

Ойын: «Балық аулаймыз»

- Балалар, табиғатқа беретін тағы бір кері әсер бар, ол өзеннің суын ластануы, оған неше түрлі қалдық – қоқыстардың төгілуі, балықтың қисапсыз көп аулауы болып табылады.
Не істеуміз керек, өзенімізге қалай көмектесеміз?
- Табиғатымыздың келесі байлығы, ол – мұнай. Оны қара алтынға теңейді. Мұнайды мұнайшылар жердің астынан бұрғылау арқылы мұнайды өңдеп алады. Оның түсі қара, сүйық қоймалжың шикізат. Біздің қаламызда «Атырау мұнай» өнеркәсіп зауыты бар. Бұл зауытта мұнайдан, жанар - жағар май, керосин, әр түрлі машинаға керекті майлар және химиялық өнімдер алады. Оның шикі заттарын шет елдерге жіберіп, оны валюта қорына айналдырады. Сонымен қатар тұрмысқа қажетті сұйық су сабындар, кір сабындар жасалынады, қалған қалдықтардан өңдеу арқылы синтетикалық талшық каучук, спирт, пластмасса өнімдері алынады. Мұнай зауытынан шыққан мұнай қалдықтары қоршаған ортаға залалын (зиянын) келтіруде. Билингвальді компонент: балық - рыба, мұнай - нефть, қала - город.

Зерттеу – тәжірибесін көрсету:
Мысалы, мына ыдыстағы мұнайды ыдыстағы топырақтың үстіне құятын болсақ, не пайда болды? немесе таза суға мұнай қалдығын төгетін болсақ, қандай өзгеріске ұшырайтынын көресіңдер.
Сондықтан да біздер, туған еліміздің, қаламыздың табиғатын, өзімізді қоршаған ортамызды, айналасын таза ұсауға, бүлдірмеуге, ластамауға тиіспіз. Табиғаттың қазба байлықтарын қорын сақтап, қорғауға, үлкендердің еңбегін бағалауға, қаламыздың көркеюіне үлес қосып, Отанымызды сүйе білуге міндеттіміз.

Құрастыру: «Кеме» (геомет. пішіндерден)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама