Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Тұғырың биік болсын - Тәуелсіздік!

Тәуелсіздік дегенде, біздің көз алдымызға ең алдымен ата-абаларымыз түседі. Тәуелсіздік үшін күрескен біздің ата-бабаларымыздың орны ерекше. Сонау кездегі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» шайқасы, Жоңғарлармен, Қалмақтармен шайқасы, Ұлт-азаттық көтеріліс, Екінші дүниежүзілік соғыс, Желтоқсан оқиғасы мұның бәрі де болашақ ел үшін болған қанды оқиғалар болатын. Мұның бәрі қазіргі күні тарих беттерінде қалды. Тұғырлы тәуелсіздігімізге – 25 жыл толды. Қазақ халқы 1991 жылы 16-желтоқсанда өз алдына дербес, тәуелсіз мемлекет болды. Міне содан бері 25 жыл өтті. Тәуелсіздік алған жылы туылған сәби 25-ке толды. Осы 25 жыл ішінде Қазақстанды барлық елдер таныды. «Қазақстан» деген мемлекеттің барын білді. Бұрын біз КСРО-ы мемлекеттерінің бірі ғана едік. Ол кезде бізді ешкім танымайтын. Себебі, 70 жыл бойы Ресей мемлекеті бізді билеп-төстеп келді. Ресей мемлекетіне бағынышты едік. Ал қазіргі күні біз ешкімге бағынбаймыз. Неге десеңіз дербес тәуелсіз мемлекетпіз. Әрине, 70 жыл бұғаудан бұрын да, қазақтың батырлары өз жері, елі үшін қанын төккен, жанын қиған. Одан бергі ең соңғы қан төгіліп, жан тапсырған «Желтоқсан жастарын» нағыз патриот батырлар деп айтуымызға болады. Олар да бекерден-бекер алаңға шыққан жоқ. Қақаған қыста, жалаң бас, жалаң аяқ жауға қарсы шықты. Қарсы шыққан жастардың барлығы дерлік абақтыға жабылды. Сол ата-бабаларымыздың, желтоқсаншылардың арқасында тәуелсіз ел болдық. Тәуелсіз елімізді сақтау, құрметтеу біздің басты борышымыз. Еліміздің басынан не өтпеді ашаршылық та, соғыс та, азап та өтті. Тегі мықты, рухы мықты қазақ халқы соның бәріне төтеп берді. Мен осындай тәуелсіз елде туылып, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқаныма қуанамын. Әрдайымда менің елімде бейбіт заман болса екен. Ешкімге бағынбай, мәңгі тәуелсіз ел болайық дегім келеді.

Алматы қаласы, Алмалы ауданы
М.Дулатов атындағы
№136 мектеп-гимназиясының
Бастауыш сынып мұғалімі
Каримкулова Гүлбақыт


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама