- 25 ақп. 2017 00:00
- 245
Ұстазым - ұлағатым, үлгі - өнегем
Қ. Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназияның
5 «ә» сынып оқушысы: Көптілеуов Нұрғалым
Жетекшісі: Жұмабаева Мейіргүл
Ұстазым менің, ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым,
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым менің, ұстазым-деп Әбілахат Еспаев атамыз жырлап кеткен. Қандай адам болмасын, ұстаздан ілім-білім, тәлім-тәрбие алады. Ұстаз - біздің екінші анамыз. Өз анаңды қалай жақсы көрсең, ұстазыңды да солай жақсы көру керек. «Ұстаз - өз уақытын аямайтын, өзгелерді аялайтын жандар». Шәкірт тәрбиелеудегі ұстаздың алар орны ерекше. Өйткені, ұстаз әрбір баланың бойындағы қабылетін ашып, өмірге бейімдейді. Ұстаз - болашағы зор шәкірттерді тәрбиелейтін үлкен тұлға. «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы», - деп дана халқымыз бекер айтпаған. «Ұстаз» - анамнан кейінгі ерекше құрметпен бағалайтын адамымның бірі. Менің сынып жетекшім – Құралай апай. Мен ол кісіні ерекше силаймын, айтқанын тыңдаймын. Құралай апай әрі қатал, әрі адамгершілігі мол жан. Олай дейтін себебім, апай әр балаға ерекше қамқорлық көрсетеді. Әрдайым да біздің қасымыздан табылады. Сонымен бірге, басқа сабақтардан беретін ұстаздарды да құрметтеймін. Ұстаздар бізге бар білгенін үйретеді, көмектеседі. Анам үнемі маған ұстаздарыңды сыйла, айтқандарын бұлжытпай орында деп айтып отырады. Барлық ұстаздарға тек жақсылық, шығармашылық табыс тілеймін.
-
Павлодарда № 19 жалпы орта білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімі Алмас Серікбаев балаларға тəжірибелік жұмыстарды орындауды жеңілдетін мобильдік қосымшаның қазақ тіліндегі нұсқасын құра...