- 08 мау. 2015 00:00
- 247
Түлкі мен құмыра
Бір әйел далаға егін ора келіп, құмыраны сүтімен шөптің арасына тығып қояды. Мұны түлкі көреді де жасырынып келіп, құмыраның ішіне басын тығып, сүтті ішіп қояды. Енді түлкі құмырадан басын шығара алмай, әлек болады.
Түлкі:
— Әу, құмыра! Біраз ойнадың, жетер, жібер менің басымды? – дейді.
Қалай жұлқынса да басын шығара алмайды. Түлкі ашуланып:
— Қап, бәлем, тұра тұр, жақсылықпен қалмасаң, сені суға батырармын – деп, жүгіріп келіп, өзенге қойып кетіпті. Сөйтіп, құмырамен бірге өзі де батып кетсе керек.