- 12 сәу. 2022 00:00
- 212
Тұңғыштар
Алғашқы қазақ ханы — Керей хан Болатұлы (1465 жыл).
Алғашқы қазақ заңы — «Қасым ханның қасқа жолы», Қасым хан Жәнібекұлы.
Азия мен Еуропаны аралаған алғашқы саяхатшы — Қазыбек бек Тауасарұлы.
Қазақ даласындағы алғашқы көтеріліс басшысы — Сырым батыр Датұлы (1783 жыл).
Қазақ тілінде шыққан тұңғыш газет — «Түркістан уәлаяты» газеті (1870 жыл).
Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушысы — Абай Құнанбайұлы.
Алғашқы мұғалім — Ыбырай Алтынсарин.
Бірінші зерттеуші-ғалым — Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов.
Қазақ тіліндегі тұңғыш роман — «Бақытсыз Жамал», Міржақып Дулатұлы (1910 жыл).
Тұңғыш қазақ әліппесінің авторы — Ахмет Байтұрсынұлы (1912 жыл).
Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын алған бірінші қазақ — Талғат Бигелдинов.
Алғашқы қазақ дәрігері — Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы.
Алғашқы кәсіби ұшқыш — Жақыпбек Малдыбаев.
Бірінші режиссер — Жұмат Шанин.
Құрметіне ғылыми нысанға есімі берілген алғашқы ғалым — Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.
Тұңғыш кәсіби суретші — Әбілхан Қастеев.
Тұңғыш әлем чемпионы — Қажымұқан Мұнайтпасұлы (1909 жыл).
Олимпиадаға қатысқан бірінші қазақ — Ғұсман Қосанов (Рим (Италия), 1960 жыл).
Олимпиада чемпионы болған алғашқы қазақ — Жақсылық Үшкемпіров (күрес, Мәскеу (Ресей), 1980 жыл).
Тұңғыш қазақ ғарышкері — Тоқтар Әубәкіров (1991 жыл).