Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Тұрақты тіркестер 5-сынып
Тұрақты тіркестер
5 – сынып
Мақсаты:
А) Білімділік: Оқушыларға тұрақты тіркестер туралы түсінік беру және оларды сөз аралығында қолдана білуге үйрету;
Ә) Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, еңбекқорлыққа, үлкенді құрметтей білуге үйрету;
Б) Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын, ақыл – ойын, сана – сезімін дамыту;
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, түрлі - түсті жұлдызшалар
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, орыс тілі, ән

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесіп, сыныптың тазалығын қарау.
Сыныпты түгендеу және назарларын сабаққа аудару.
Сыныпты «Алғырлар» және «Білгірлер» деп екі топқа бөледі.
ІІ. Жаңа сабақ:
Екі не одан көп сөздің тіркесінен құралып, біртұтас ұғымды беретін, сөйтіп бір сөздің орнына жұмсалатын ауыспалы мағынадағы тіркесті тұрақты тіркес деп атаймыз. Мысалы: аузын ашпау – үндемеу, көзді ашып - жұмғанша – лезде.

ІІІ. Жаңа тақырыпты игеру кезеңдері:
1 - бөлім: «Баламасын табыңдар»
«Алғырлар»тобына ------------------- «Білгірлер» тобына
1. Ат ізін салмау -------------------------1. Инедей қадалу
2. қол ұшын беру -----------------------2. мұзға отырғызу
3. тіс жармау -----------------------------3. ит тұмсығы өтпейтін
4. мойны жар бермеу -----------------4. жерге кіріп кете жаздау
5. төрт көзі түгел ------------------------5. аузын қу шөппен сүрту
6. бетінен қақпау -----------------------6. қабырғаңмен кеңес

2 - бөлім: «Суреттер сөйлейді»
Оқушыларға слайдпен ауыз, мұрын, мұз, жүрек, пышақ, ит, қоян, шаштың суреттері көрсетіледі. Сол суретке қарап тұрақты тіркес құрайды және сол сөзді үш тілге аударады.

3 - бөлім: «Оқулықпен жұмыс»
1 - жаттығу.
Тұрақты тіркестерді құрастырып, сөйлем құрау
2 - жаттығу.
Тату, дос – арасынан қыл өтпейтін
Алыс, қашық – ит арқасы қиянда, ит өлген жер
Ұялу – жерге кіріп кете жаздау
Ұрлық – қолды болды
Момын – қой аузынан шөп алмас

4 - бөлім «Әзіл аралас сұрақтар»
Екі топқа мағынасы қисық сұрақтар қойылады. Оқушылар оған тұрақты тіркеспен жауап береді.
1. Адамның төбесі аспанға жете ме?
2. Сөйлегенде сөз ауыздан түсіп қала ма?
3. Екі аяқ бір етікке сия ма?
4. Адамның қай жерінде нан піседі?
5. Көз сатыла ма? Ол не деген сөз?
6. Адамның аяғы, қолы түрлі - түсте бола ма?
7. Мәселенің қабырғасы бола ма?
8. Жұмыстың аяғы бола ма?
9. Қар жана ма?

5 - бөлім «Тауып жаз»
Оқушылар тұрақты тіркестердің жалғасын табады.
«Алғырлар» тобына
1...... нің түгі бар (жүрек)
2...... ын шүйіру(мұрнын)
3...... ын көкке көтеру
4...... іне көк ала шыбын үймелету(көз)
«Білгірлер» тобына
1...... тай ұшты (мұрт)
2...... ыңды балта кеспейді (мұрт)
3...... і тоймау (көз)
4. түйе үстінен..... үйту

6 - бөлім «Адасқан сөздер»
Таяқ
Шыңқ етер
Ағаш
Соқа
Шыбы
Ауыз
суалу
Көз
Бет
Жер
Бет
Шаншылу
Аяқ
Мұрын
Бел
Езу
құлағында
Ауыз
Тіс
Ерін

ІV. Бекіту
Шығармашылық жұмыс
«Анам – менің бақытым» тақырыбында эссе жазу. Ана туралы әуен ойнап тұрады, оқушылар төмендегі тұрақты тіркестерді мәтін ішіне кірістіру қажет.
«Түн ұйқысын төрт бөлу», «Ана сүтін ақтау», «Төбесі көкке жеткендей», «Көз ілмеу», «Жан ұшыру».

V. Қорытынды: Сабақты қорытындылай келе, ең көп жұлдызша жинаған топ жеңіске жетеді.
VІ. Үйге тапсырма:
А) Тақырыпты оқып келу;
Б) 3 – жаттығуды орындау
VІІ. Оқушыларды бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама