Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қайталау сабағы. Есептер шығару
Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабағы. Есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды бір амалға берілген өзара кері есептерді құруды, шығаруды, өзгертуді; жақшалы өрнектердегі амалдардың орындалу рет-тәртібін талдауға және қалпына келтіруге, топта екі таңбалы сандарды қосу және азайту бірліктерін бекітуге үйрету.
Дамытушылық: Логикалық тез ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: қайталау сабақ
Сабақ түрі: дамытушылық сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс, сауалнама (тест), топпен жұмыс
Көрнекілігі: Ұзындық өлшемі, суреттер, «Кел, ойнайық» суреттер.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгелдеу, назарын сабаққа аудару. Оқу құралдарын түгелдеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Психологиялық ахуал.
1. Тірек білімді еске түсіру.
Ауызша есептеу жұмыстарын жүргізу.
2. «Жұмбақ сан» дидактикалық ойын.
3. 123-бет, 4-тапсырма. Салыстыру есептерін тексеру.
3. Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.

ІІІ. Негізгі бөлім.
1-тапсырма. Мұғалім түсіндірмесі. Жаңа сабақты түсіндіре отырып талдау, кері екі есеп құрастыру және оларды шығару.
«Шебер қолдар» үйірмесі үшін 9 келеп қара жіп және 7 келеп ақ жіп алынды. Неше келеп қара жіп артық алынды?
а ) Ш: Қара жіп – 9 ? артық
Ақ жіп – 7 м
ә) Ш: Қара – ?, 2 м артық
Ақ – 7 м
б) Ш: Қара – 4 м
Ақ - ?, 2 м кем
2-тапсырма. Кері екі есеп құрастырып және оларды шығару жолын түсіндіру.
Еңбек сабағы үшін 7 м қызыл түсті және 15 м көк түсті мата сатып алынды. Қызыл түсті мата неше метр кем алынды?
А) Ш: Қызыл – 7м ? км.
Жасыл – 15 м
ә) Қызыл - ? ,8м кем
Жасыл – 15м
Б) Ш: Қызыл – 7м
Жасыл - ?,м артық

Сергіту сәті.
3-тапсырма. Теңдіктер тура болатындай етіп, жақшалар қойып есепті шығару.
( өз бетінше жұмыс )
І. қатар
42 – 1 + 2 = 43
25 – 6 + 4 = 15
ІІ. қатар
9 + 40 – 6 = 43
35 – 5 – 2 = 32
ІІІ. қатар
8 – 13 – 5 = 0
14 – 7 +2 = 0

«Кім, жылдам ойыны».
4-тапсырма. Қалқанқұлақ мысалдар шығарды. Тексер.
(84 + 2) – 40 = 46
20 – (3 + 4 ) = 23
100 - (30 – 50) = 40
(75 – 5) + 30 = 90
69 – (4+5) = 60
50 + (90 – 40) = 100

Рефлексия. Шығармашылық жаттығу. Өзара тексеру, кеткен қателерді талдау.
Мәні 50 – ге тең болатын екі таңбалы және бір таңбалы сандардың қосындыларын жаз. Осындай неше қосынды жазып көрсетуге болады?
Оларды салыстыру. Қорытынды жасап шығару.

6-тапсырма
Мүмкін болатын теңдіктерді жаз. Неше теңдік жаздың? Түсіндір:
□ онд. 4 бірл. + 6 бірл. = □ онд.;
□ онд. – 6 бірл. = □ онд. 4 бірл.
«Кел, ойнайық!»
«Жасырынған санды тап».
4 + 7 + 9 – 10 + 30 – 1 + 20 =?
12 – 6 + 14 + 30 + 7 – 3 + 16 =?

ІҮ. Сабақты қорытындылау.
1. Мен бір сан ойладым, ол санды төртке арттырғанда 9 шықты. Мен қандай сан ойладым. (5)
2. Оң қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
5-ке 5-ті қосқанда
Неше болады санасақ?
3. Жеке сауалнамамен жұмыс.
Ү. Оқушыларды бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма: 127-бет, 5-тапсырма

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама