Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Тұрақты тіркестер
Тақырыбы: Тұрақты тіркестер
Мақсаты: білімділік: Оқушыларға тұрақты тіркестердің мағынасын мысалдар келтіру арқылы түсіндіріп, жаттығу жұмыстарын жүргізу;
дамытушылық: Оқушылардың ойлау, сөйлеу тілін, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, ұқыптылыққа, байқағыштыққа, жылдамдыққа, ойын ашық, еркін жеткізуге, өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу;
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, жаттығу, ой жинақтау, сұрақ - жауап
Сабақ типі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабақ процесіне дайындау
ә) Үй тапсырмасын тексеру
109 - жаттығу. Өздерің халық ауыз әдебиеті үлгілерінен, көркем әдебиеттерден эвфемизм, дисфемизм құбылыстарына мысал тауып жазыңдар.
Ережелерді жаттау.
Қайталау сұрақтары:

Табу дегеніміз не?
Эсфемизм дегеніміз не?
Дисфемизм деген не?

б) Жаңа сабақ
Екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалып, бір ғана мағынаны білдіретін тіркестер тұрақты тіркестер деп аталады. Тұрақты тіркестердің орнын ауыстыруға немесе басқа сөзбен
Алмастыруға келмейді. Мысалы: Тайға таңба басқандай дегенді жылқыға таңба басқандай деп бір сөзін алмастырып айтуға болмайды. онда ол фразеологизм бола алмайды, тұрақты тіркестер дайын күйінде жұмсалады, сөйлемнің құрамына бір бүтін тұлға ретінде кіреді.
Тұрақты тіркестердің синонимдік баламалары болады, яғни олар мағынасы жақын сөздер. М/лы: қыздың жиған жүгіндей - әсем, көрікті. көркем, ал ит терісін басына қаптады - ұрысты, сөкті. Кейбір тұрақты тіркестер бір - бірімен өзара синоним болып келеді: көз ілмеді, көрер таңды көзімен атырды, түн ұйқысын төрт бөлді. Тұрақты тіркестер мән - мағынасы жағынан бір - біріне қарама - қарсы, яғни антоним де бола алады. Мысалы: Бетінен оты шықты - беті бүлк етпеді, айы оңынан туды - жолы болмады, ит терісін басына қаптады - басынан сипады.
Оқушы назарын тақтадағы мысалдарға аударту.
Тұрақты тіркестер

Тұтасып бір мағынаны білдіреді
құрамындағы сөз басқа сөзбен ауыстырылмайды
Бір ғана сұраққа жауап береді
Бір сөйлем мүшесі болады

в) Жаттығу жұмыстары
Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын тауып жазыңдар.
Төбесі көкке жету -
Ит өлген жер -
Жаны мұрнының ұшына келу -
Төбе шашы тік тұру -

111 - жаттығу. Мәтінді оқып, тұрақты тіркестерін теріп жазыңдар.

«Буын, буын» ойыны
Көзге ілмеу, жұлдызы жарасқан, жолын кесу, аты шулы - тұрақты тіркестерді буынға бөліп, түрлеріне талдау жасату
Үлгі: Көз - ге (б. б - а. б) іл - меу (т. б - б. б)
Тұрақты тіркестердің мағыналарын балама сөздермен ашыңдар.
Үлгі: көзге ілмеу - назар аудармау
Талдау - табыс кілті
Берілген тұрақты тіркестердің қай сөз табы мен қандай сөйлем мүшесі екендігін талдаңдар.
тауып жазыңдар.

Айдынның ол хабарды естігенде жүрегі зу ете қалды.
Көзді ашып - жұмғанша жылдам хабар алғызды.
Аузы - мұрны қисаймай өтірік айтты.
Әкемнің неше жылғы еңбегі еш болды.

г) Бекіту
Тұрақты тіркес деген не?
Оның белгілері қандай?
д) Үйге тапсырма
112 - жаттығу. Мәтінді оқып, ат қойыңдар.
е) Бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама