- 05 нау. 2024 02:54
- 178
Ұзын құлақ, ақ қоян
Тақырыбы: Ұзын құлақ, ақ қоян
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Аппликация.
Мақсаты: Бірнеше бөліктерден тұратын пішіндерді үйлестіре білуге жаттықтыру, дөңгелек және үлкен - кіші сопақша дөңгелектерді қосу арқылы қоянның бейнесін салуға жаттықтыру. Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі - құралдар: демонстрациялық материалдар.
Қажетті құрал - жабдықтар: қағаз, түрлі - түсті қарындаштар, қоянның суреттері.
Сөздік жұмыс: ұзын құлақ сұр қоян.
Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Қолдарын созып, бір - бірімен жақсы көңіл күймен амандасады.
Педагог жұмбақ жасырады.
Ұзын құлақты, жылдам аяқты, сәбізді жақсы көретін, ол не?
Қоян не жиді?
Сөздік жұмысы жүргізіледі.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Балаларға ұзын құлақ ақ қоянның суретін салуды ұсынады. Қоянның дене мүшелерін: басын дөңгелек, денесін үлкен сопақша дөңгелек, аяқтарын кіші сопақша дөңгелектермен қиып алуға болатынын көрсете отырып түсіндіреді
Сергіту сәті.
Қояным, қояным,
Орныңнан тұра ғой.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Бетіңді жушы,
Қолыңды жушы,
Орныңда секірші!
Секір - секір - секір!
Рефлексиялық түзетушілік
Педагог балалардың қоянды әдемі салғандарын айтып, мадақтайды. Қоян жайлы әңгімелесіп, қоян туралы қандай өлеңдер, тақиақтар, жұмбақтар білетіндерін сұрайды. Қол ұстасып, дөңгеленіп, қоян жайлы өлең айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қоянның дене мүшелерінің атауларын.
Игереді: қоянның дене мүшелерін, жейтін азық - түліктерін.
Меңгереді: суретті түрлі - түсті қарындашпен біркелкі етіп бояуды.
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт - Шевченко қаласы, Баутино ауылы,
"Ақбота" балабақшасының бейнелеу өнерінің жетекшісі
Сактаганова Света Келдибаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.