Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 16 сағат бұрын)
Түркменстанның сакралды географиясына шолу

Орталық Азия аумағы ежелден көшпелілер мен отырықшылар өркениеті қалыптасқан аймақ ретінде белілі. Бүгінде Орталық Азия аумағына 5 мемлекет кіреді. Олар: Қазақстан, Түркменстан, Өзбекстан, Тәжікістан және Қырғызстан. Солардың ішінде Түркменстан еліндегі киелі орындарға  тоқталып өтсем. 

Жалпы Түркменстан елінде сакралды орындардың пайда болуы көбінесе аңыз-әңгімелерге, ғажайып оқиғаларға және ислам дінімен тығыз байланысты болды. Солардың бірқатарына тоқталып өтсек. 

Парау бибі - Түркменстандағы Копетдаг тауында орналасқан кішкентайй ақ мешіт. Аңыз бойынша парау бибі ауылда тұрған өте әдемі түркмен әйелі болған. Бірде елге жау шапқан кезде, жаудың бетін қайтару үшін ауылдастары сол Парау бибіні жау әскеріне беруге уәде береді. Бұны естіп қалған Парау бибі қашып, тауға барып тығылып, құдайдан пана тілейді. Сол кезде жартас екіге бөлініп, Парау бибі ішіне кіріп кетеді. 

Парау бибі Ұмай ана секілді әйелдердің және балалардың қорғаушысы,  қамқоршысы ретінде белгілі болған. Босанар алдында әйелдер Парау бибіге арнап арнайы рәсімдер жасаған.

Парау бибі мешітіне Копедтаг тауындағы жалғыз аяқ жол арқылы ғана баруға болады. Сонымен бірге жартаста екі тізенің, екі қолдың және маңдайдың орны бейнеленген. Бұл да Парау бибіден қалған бір белгі деп есептеледі. Әйелдер мен қыз-келіншектер сол орындарға қолын тізесін тигізіп, тілек тілейді. 

Сонымен, Парау бибі мешіті бүгінде түркмен әйелдері ең көп баратын қасиетті жерлердің біріне айналған. бұл жерге тіпті шетелден де туристер келіп тамашалап жатады. 

Түркменстан жеріндегі келесі киелі орындардың бірі - Талхатан бабаның құрметіне тұрғызылған мешіт-кесене болып табылады. ТАлхатан баба - 1020-1095 жылдары аралығында өмір сүрген әулие, ислам дінін уағыздаушылардың бірі болған. ОЛ бар өмірін Аллаға қызмет етуге арнаған. 

Талхатан баба кесенесі 11 ғасырдың соңында салнған сәулет өнерінің ескерткіші болып табылады. ол Ескі Мерв қаласының маңында орналасқан. Күйдірілген кірпіштен салынған. Кесененің сырты бай орнаменттермен көмкерілген. Моңғол шапқыншылығы кезінде белгісіз бір себептермен қираудан аман қалған. 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама