Photo: Juan Pablo Serrano (https://www.pexels.com/@juanpphotoandvideo) / Pexels
- 03 нау. 2026 08:30
- 27
Тұрсынбек Қабатовтың тұңғыш қызы Дубайда ән шырқап, желіні елең еткізді
Әлеуметтік желіде әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тұңғыш қызы Әдемі Тұрсынбекқызының Дубай көшелерінде көліктің ішінде отырып ән шырқаған сәті түсірілген видеосы кеңінен тарады. Желіде жарияланған кадрлар көптің назарын бірден аударды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеоны Әдемі Тұрсынбекқызының өзі жүктегені айтылады. Кадрдан оның Бурдж-Халифа маңында көлікпен өтіп бара жатқанын байқауға болады. Жолда аялдаған тұста түсірілген бейнежазбада ол «16 қыз» әнін орындаған. Видео сипаттамасына «16 қыз - Айым Аманғали» деп жазып қалдырған.
Желі қолданушылары бұл жазбаға түрлі пікір қалдырды. Бірі алаңдаушылық білдірсе, енді бірі таңданысын жасырмады. Пікірлердің арасында «Әкесі мен анасының өнері дарыған», «Дауысың қандай керемет!», «Дубайда тыныш па екен?», «Аман бол, сұлу қыз!», «Ақылды екені көрініп тұр», «Сана биігіндегі қыз» дегендей пікірлер болды.
Айта кетейік, соңғы күндері Таяу Шығыстағы жағдай шиеленісіп, халықаралық БАҚ Иранның жауап соққылары аясында Парсы шығанағындағы бірқатар елдерде, соның ішінде БАӘ аумағында да жарылыстар тіркелгенін, кей жерлерге зымыран мен дрон қалдықтары құлағанын хабарлады. Сондай-ақ қауіпсіздік шаралары күшейіп, Дубай бағытындағы әуе қатынасына уақытша шектеулер енгізілгені туралы ақпараттар шықты.