- 03 сәу. 2020 00:00
- 204
Түйе құдыққа құлаған күн
Бір әйел кеңпейіл, меймандос екен. Сонан қайын-қайнағалары үйінен шықпай қояды.
Бір күні сол әйелдің жалғыз түйесі құдыққа құлайды. Әрі іздеп, бері іздеп, түйесін құдықтан шығарысатын адам таппайды.
Сонда әлгі әйел:
— Әшейінде үйден шықпайтын қайын-қайынағалар түйе құдыққа құлаған күні қайда кеткен?! — деп ренжіпті.