Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 сағат бұрын)
Тикток әлемді жайлады. Бұл қосымшаны қаншалықты көп адам пайдаланады?

Қазір жастардың көбісі VK, Instagram желілеріне қарағанда, Tik Tok желісінде көп уақыт өткізеді. Статистикаға сенер болсақ, әлем бойынша 500 миллионнан астам адам Tik Tok бағдарламасын пайдаланады, ал солардың ішіндегі 400 млн-ы қарқынды жұмыс жасап, күніге видео салады. Олардың 69% -ы жасөспірімдер болса, 31%-ы ересек адамдарды құрайды.Сөзбе-сөз айтқанда жас бүлдіршін балалардан бастап, жасы үлкен адамдарға дейін Tik Tok  бағдарламасын жиі пайдаланады. Бұл тек осымен тоқтайтын түрі жоқ. Tik Tok-қа кіретін адамдар саны күніге артуда. Tik Tok-тың арқасында танымал болып жатқан жас таланттар да аз емес. Мысалға алатын болсақ: Белла Порч, Диана Рудова, Джеймс Чарльз және тағы басқалары.

Енді осы бағдарламаның пайдалы және зиянды жақтарына тоқтала кетсек.Tik Tok-тың пайдалары туралы сөз қозғасақ, атап кетерлік жағымды жақтары аз емес-ті. Мәселен: бұл бағдарлама таланты бар жастар үшін керемет мүмкіндік. Олар 15 секундтық немесе 1 минуттық бейнеролик түсіру арқылы әлемге танылуға мүмкіндіктері бар. Бірақ жетістікке толық жету үшін , алдымен адамды қолдайтын өз аудиториясы болуы керек. Екіншіден, танымал болып, жанкүйер саны 1 млн-нан асқан жағдайда, жақсы ақша табуға болады. Үшіншіден, шығармашыл адамдар үшін керемет шабыт бере алады. Қалай болғанда да, Tik Tok әртүрлі тақырыпта бейнеролик түсіруге арналған арнайы бағдарлама және кез келген, қалаған адам өз бейнеролигін сала алады.

Ал зиянды жақтары туралы айтар болсақ, ол да жоқ емес-ті. Мәселен, сенің бейнеролигіңді ұнатпайтын адамдардың пікірлері. Бұл бағдарламада тақырыпқа шектеу болмағандықтан, ішінде жағымсыз, адамның миына кіріп-шықпайтын бейнероликтер де болады. Бұл тек шет жағасы ғана. Кейбір Tik Tok бағдарламасындағы танымал адамдар балаларды немесе ересектерді бір белгілі іс-әрекет жасауға итермелейді. «Осыдан 2 ай бұрын, яғни 3 наурыз күні белгілі Тik Tok аккаунттарында адамдарды суицид жасауға шақырған екен. Бұл бір белгілі себептерге де байланысты болуы мүмкін, бірақ анығын әлі ешкім білмейді. Дегенімен, нақ сол күн барлық елді аздап алаңдатқанын жасыруға болмайды.Себебі, нақ осы күні адамдар арасында суицид туралы өзара әңгімелер жүргізілген. Бұл осыдан  4 жыл бұрынғы «Синий кит» деген ойын тәріздес. Естеріңізде болса, нақ осы ойын туралы әлемде біраз сыбыстар тараған болатын. Мәселен; «осы ойынды бастап ойнасаң, одан шыға алмайсың», «бастапқы тапсырмалары оңай, бірақ әр кезең сайын тапсырма қиындайды, ал ең соңында біл ойын суицидке әкеледі», «тапсырмаларын орындаудан бас тартсаң, қоқан-лоқы жасау арқылы, орындауға мәжбүрлейді», және тағы сондай сияқты неше түрлі жағымсыз әрекеттер жасайды.

Әлемде осындай бағдарламалар жасап, адамдарды суицидке итермелейтін адамдар көп. Бұл сондай-ақ Tik-Tok-қа да қатысы бар. Сол үшін бұндай қоқан-лоқы сөздерге берілмеген жөн. Нақ осы тақырыпқа байланысты бейнероликтердің Tik Tok-та көрініс таппайтындығына ешкім кепілдік бере алмайды. Бағдарламаны қарап отырған кезде абай болуларыңызды өтінемін.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама