Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
ҰБТ: 2018 жылы шектi балл жоғарылайды

2018 жылы ұлттық бiрыңғай тестiлеу бойынша шектi балл жоғарылауы мүмкiн. Бұл туралы бүгiн Сенат депутаттарымен өтiп жатқан кездесу барысында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев айтты.

 

Депутат Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, жоғарғы оқу орнына түсу үшiн қажет 50 балдық шектi деңгей өте төмен.

«140 балдың 50 балын жинаған адам жоғары оқу орнына үмiткер бола алады. Менiңше, шектi 50 балл өте төмен. Бұл деген екi мен үштiң ортасындағы баға. Содан кейiн үлкен кемшiлiк, 50 балдан төмен алған түлектер кейiн тағы да тамыз айының соңында, одан соң жаңа жылдың қарсаңында тағы тапсыруға мүмкiндiк алады. Бұл қалай? 11 жыл бойы нашар оқыған балаға мүмкiндiк беремiз. Ол жоғары бiлiм ала алмайды ғой», - дейдi сенатор.

Министр Ерлан Сағадиев ҰБТ-ға енгiзiлген өзгерiстерге байланысты әзiрге 50 балдық шектi деңгей қалып отырғанын алға тартты.

«Басында 60 балл болған. Бiрақ ата-аналар қорқып отыр. Өйткенi ұлттық бiрыңғай тестiлеу өзгертiлiп жатыр. Балалардың бұған қалай дайын болатыны белгiсiз. Сондықтан биыл 50 балды қалдырып отырмыз. Балалардың жаңа өзгерiстердi қалай түсiнетiнiн байқаймыз. Балалар түсiнбей, көбiсi далада қалып қойса, ол дұрыс болмайды. 2018 жылдан бастап балалардың саны көбейсе, онда бiз оны өзгертемiз деген шешiмге келдiк. Бұл менiң шешiмiм емес, ата-аналар, мұғалiмдер, мектеп директорларымен келiсiлген шешiм», - дедi Е.Сағадиев.

Айымгүл ӘБІЛЕВА
baq.kz

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама