Photo: Yuliia Laptieva (https://www.pexels.com/@yuslava) / Pexels
- 15 ақп. 2026 00:31
- 16
Украинада Нұрлан Сабуровқа қатысты тергеу басталды
Украинаның Қауіпсіздік қызметі (СБУ) қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуровке қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы украин адвокаты Евгений Пронин мәлімдеді. Оның айтуынша, СБУ деректерін сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізіп, мемлекетке агрессорға көмек көрсету бабы бойынша іс бастаған.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Істің мән-жайы
Адвокат Прониннің сөзінше, тергеу комиктің Ресейдің қарулы жасақтарына материалдық ресурстар дайындап, бергені туралы мәліметтерді тексеруге бағытталған. Бұл фактілер ресми тергеу аясында анықталуы тиіс. Тергеу барысында күдік туралы хабарлау, іздеу жариялау және Интерполға жүгіну сияқты процессуалдық шаралар қарастырылуы мүмкін.
«Вагнершілермен» байланысты видео
Тергеуге себеп болған жайт – бұған дейін желіде пайда болған видео. Онда қазақстандық әзілкештің Ресей жағында Украинада соғысып жатқан «Вагнер» ЖШҚ жауынгерлеріне мотоциклдер табыстағаны айтылады.
Контекст
Бұған дейін Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынған болатын. Әзілкешті депортациялағаннан кейін «Что было дальше?» бағдарламасының түсірілімі Қазақстанға көшірілуі мүмкін деген ақпарат тарады. Осыдан кейін комиктің Ресей үшін соғысып жатқан «Вагнер» жасағына 10 мотоцикл бергені туралы видео тарап, оны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы талаптар айтыла бастады.