Ұлы даланың дара Ұстазы
«Алты алаштың игі жақсысы бас қосса төрдегі орын-ұстаздікі деп айтпаса керек. Мұғалім біз үшін орны бөлек ерекше жандардың бірі бардың бағасын жоқтың қәдірін білетін адам. Мұғалім қоғамның тамыршысы, бағыт-бағдар беруші ұлы тұлға. Дәл қазіргі уақытта ерекше орындардың бірінде қолыма қаламсабымды алып өзімнің ұстазға деген ойық ұшқынды ерекше сөздерімді жазып отырмын. Мектеп-алтын ұя. Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің. Отбасынан мектептен алған тәлім-тәрбие,бұл сіздің өміріңізге берілген ең алғашқы жолдама және рухани талшық деп білемін. Ұстаз болу адам бойындағы ерекше қасиеттердің бірі. Ендеше осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған. Ұлы даламыздың Ұлы ұстазы Ыбырай Алтынсарин атамызды сөз қылғым келіп отыр Ыбырай атамызға қандай мақтау мадақ айтсақта артық етпейді. Ыбырай атамыз өз шығармаларында өзінің жеке көзқарасын айтып құнды талдаулар беріп отырған. Менің ойымша адами құндылықтары бар жан өзіне де қоршаған ортаға да қиянат жасамайтыны анық. Ыбырай атамыз бұл жолда сан алуан кедергілермен қиындықтарды жеңе отырып үлкен жетістіктерге қол жеткізді, сөйтіп туған елінің халқының мақтан тұтар ардақтысына айналды. Ұстаздық-ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да данасын да ғалымын да еңбекқор егіншісінде ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ сол ұрпақтарды тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай ұстаз еңбегінің қыр сыры мол қиында жауапты іс күн түн демей жұрт баласы үшін төккен терінің арқасында саналы да ақылды ұрпақ болып келеміз.
Ұстаздық ұлық емес ұлы қызмет-деп бекер айтпаса керек сондықтан Елбасы жолдауында айтылғандай, осынау ұлы қызмет иелерінің мәртебесі әрқашан да биік орны төрде болуы керек. Ұстаз таудан сарқырай аққан тау өзені секілді айналасына күш қуат беріп жолына кездескендерді нәрлендіріп отырған. Ұстаз-Жер деген әлемнің бетін көркейткен шәкірттеріне шуақ шашқан Күн Ана секілді. Ұстаз ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі гауһары. Өзге мамандық атаулары өздерінің түр сипатын мың құбылтып жатса да еш өзгеріссіз сол бәз-баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін еккен диқаншы деп білеміз.
Қаншама рет қалам тартсам қасымда
Сен тұрасың жүрегімнің басында
Сен өзімнің өміріме кіргенсің
Сонау-сонау сегіз-тоғыз жасымда
Иә иә қолыма қалам алып мектеп табалдырығын аттаған кезім көз алдымда Ұлы даланың аяулы ұстазын көрдім дәл сол сәттен бері қәзіргі уақытқа дейін сол ерекше жандардың арқасында білім алып келемін. Ұстаздар қандай болу керек деген тұжырымнан мен Алипбекова Сәуле апайдың бейнесін көреміз. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаз-Алипбекова Сәуле апайдың еңбегі зор. Сондықтанда Сәуле апайдың жарқын бейнесі әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Әл Фараби атамыз: «Ұстаз Жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін және айтылғанның бәрін жете түсінген көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да жат адамдарына да әділ жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл ер жүрек болуы»деп ойлаймын.
Қоғам тәрбиешісі - Ұстаз. “Ұстазы жақсының ұстамы жақсы” деген қанатты сөздің аясында, осы ұлық тәрбиенің бәрі тұнып тұр. Ұстаздар шығармашыл ізденімпаз болса шәкірттерге деген ілтипаты мен берері мол болса бұл оқушылардың бақыты деп білемін. Балалардың арасында жүріп, олардың қуанышы мен жеткен жетістіктеріне куә болу соған үлес қосу-ұстаздардың бақыты. Әрбір оқу жылының міндеттері мен талаптары болады Мектеп табалдырығын жаңадан аттаған балаларға бірінші кезекте отансүйгіштік қасиетті сіңіруіміз керек. Мектептің жақсылығы нәтижелі болуы-ол ұстаздар қауымына тікелей байланысты. Оқушылардың мектепке күліп кіріп күліп шығуы- ұстаздар жетістігінің айқын көрінісі. Сондықтан ұстаздарды құрметтеп қадірлей білуіміз керек. Ұстаз ұлы тұлға.
Мұрат Аяулым Даулеткызы