- 08 ақп. 2021 00:00
- 176
Ұлы даланың жеті қыры
Қазақ халқының пейілі даласындай дархан,көңілі бұлағындай таза,жүрегі баладай аңғал ғой,шіркін...
Дархан даланың кеңдігіне қарап,тамсана да таңырқай қараймын.Қаратаудың самал лебімен бірге ілесіп,табиғатты тамашалаған маған əуеде қалықтаған қыран құстың еркін қанат қағып,заңғар биікке бет алғаны,сəйгүліктің жарыса шапқаны,қозы қуған бір топ баланың ойыны,қызғалдақтың баяу тербелісі,ауыл адамдарының сыйластығы менің жүрегіме жылылық ұялатып,туған жеріме еліме деген балғын махаббатымды тағы бір тербеткендей болды.Жүрегім аузыма тығылып,көзіме қуаныштың,шаттықтың жасы келгендей ме,қалай?Шіркін,деймін осындайда өзімше арман əлеміне қалықтап,қыранша паңданып,"Сен не істесең де бақыттысың,бүгінгі ұрпақ дегім келеді...".Мақтаныш кернеген көңіліме Елбасының кеше ғана жарық көрген "Ұлы Даланың жеті қыры" мақаласынан байқағаным кең өлкеммен мақтана да,марқая да алады екенмін.
Мақала екі тараудан тұрады:
1.Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт
- Атқа міну мəдениеті
- Ұлы даланың ежелгі металлургиясы
- Аң стилі
- Алтын адам
- Түркі əлемінің бесігі
- Ұлы Жібек жолы
- Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны
2.Тарихи сананы жаңғырту
- архив-2025
- ұлы даланың ұлы есімдері
- Түркі əлемінің генезисі
- Ұлы Даланың ежелгі өнер жəне технологиялар музейі
- Дала фольклоры жəне музыканың мың жылы
- Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі
Осындай бөлімдерден тұратын жеті қасиетті санымен берліген мақалада ежелгі мекеннің өмір сүру қағидалары мен болашақтағы бірнеше жобаларды қолға алу керектігін өтеді.Ел ертеңін нықтай отырып,келешек ұрпақ бойындағы асыл мұраттар мен өткен күннің іргелі негіздерін қарастырады.
Сөзімді қорытындылай келе,ұлы жазушы Мұхтар Əуезовтің "Ел боламын десең,бесігіңді түзе"деген қанатты сөзі ойға оралады.Тəуелсіздікпен келген қасиетті рухани жаңғыру елімнің көсегесін көгертететіне сенімім мол.