Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ұлы ғасырдың ұлы тұлғасы (сайыс сабақ)
9 - сыныпта өткізілген «Ұлы ғасырдың ұлы тұлғасы» атты сайыс сабақтың жоспары.
Сабақтың тақырыбы: «Ұлы ғасырдың ұлы тұлғасы»
Сабақтың мақсаты: 1. Кемеңгер жазушының даналығын, даралығын таныту, әрі шығармашылығымен таныстыру.
2. Сұрақ - тапсырмалар мен сөзжұмбақтарды шешкізе отырып, оқушыларды тапқырлыққа, алғырлыққа үйрету, әрі ұйымшылдық пен белсенділікке тәрбиелеу.
3. М. Әуезовтің шығармалары арқылы оларды адамгершілікке шақыру, еліміздің саналы азаматы болып өсулеріне ықпал жасау.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: М. Әуезов және т. б ұлы адамдардың нақыл сөздері, қабырға газеті.

Сабақтың эпиграфы:
... Ақыл - ойдың данышпаны, ұланым,
Шөлдегенде сусындайтын жыр - әнім.
Қазағымның маңдайына жаралған,
Ұлы Мұхтар көгімде ұшқан қыраным.

І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
Б) Ортаға сайысқа қатысатын 2 топтың сайыскерлері шығады.
ІІ. Әр топ өздерін өз ұранымен, әнімен таныстырады. Топтың аты, эмблема, қабырға газеттері қорғалады.
І топ оқушылары
1. «Шамшырақ» тобы
Ұраны:
Қыран құстай қалықтаймыз,
Көк аспанның төрінде.
Шамшырақтай жарқыраймыз,
Жер жиһанның бәріне.

ІІ топ оқушылары.
«Арай» тобы.
Ұраны:
Сайысамыз сіздерменен қалыспай,
Дүбір десе жұлқынамыз тұлпарлдай.
Бойда жігер, ойда - білім біздерде,
Бұл өнерді паш етпелік біз қалай?
2. Сәлемдесу.
«Білгенге - маржан, білмеске - арзан»

ІІ. Екі топтың сайыскерлеріне сұрақтар беріледі:
1. Мұхтар кімнің қолында тәрбиеленеді?
Жауабы: Мұхтар атасы мен әжесі Дінәсілдің қолында тәрбиеленеді.
2. Мұхтардың ең алғашқы туындысы қандай және ол қайда қойылды?
Жауабы: « Еңлік - Кебек» драмасы театр болмағандықтан, пьеса ауылда кигіз үйде қойылды.
3. Мұхтартану ғылымына үлес қосушы кімдерді білесіңдер?
Жауабы: Керімбек Сыздықов
4. Көксерек әңгімесінің жазылу тарихы.
Жауабы: Әезованың естелігі бойынша Мұхтар Әуезовтың «Көксерек»әңгімесінің жазылуына оның жұмыс бөлмесіндегі қабырғадағы күнтізбедегі қысқы пейзаж себепші болған.
5. «Абай жолы» ең алғашқы аты және қай жылы жарық көрді?
Жауабы: «Ақын аға» І томы - 1950ж, ІІ томы - 1952жылы
6. «Қилы заман»повесі қай жылы және қай баспа сөзде жарық көрді?
Жауабы: 1928 жылы шілде айында Қызылорда қаласында Қазақстан баспасында.
Әділқазылар өз бағаларын беріп отырады.

ІІІ. «Үй жұмысы», яғни әдеби көріністер тамашаланады.
«Өнерліге өріс кең»
«Шамшырақ тобы» Абай жолы роман эпопеясынан көрініс көрсетеді.
Авторы: Көпке түсініксіз түрде бірталай үнсіз тұрып қалған Абай, бір кезде денесін бұрмай, оң қолын ғана көріп, артына қарай қарады да, жігіттерге белгі етті.
Барлық топ көрнексіз молаға әрі таңырқай қарап, Абайдың қатарына келді. Ат тұяқтарының тықыры басылып, жұрт тегіс тыныш жым-жыртқа ауысқанда ғана Абай сөз қатты, ақырын қоңыр үнмен сөйлей бастады.

Абай - осы жалғыз мола, осынау иесіз жотаға пайда болғалы міне, биыл жүз рет жадырап жаз, кірбің тартқан күз кепті. Сол бір тіршілігімнің үнсіз куәсі осы мола. Бұл қос мола ішіне аса бір ауыр сыр бүккен молалар. Шаң да осы тұсқа соғып өткенде әлдебір қарызым бардай боламын. Ақындық қарызым сияқтанады. Мұнда жатқан бірі - қыз, бірі - жігіт. Жігіті – Кебек, қызы - Еңлік атанушы еді. Деген кезде Абайдың үні ажарланып, машықты қалпына ауысып, қатаң сөйледі.
Автор: Абай аз тоқтап, күз желінің суылдай соққан лебінен әлдебір суық сарын өткендей болады. Абай қара сөзбен көне бір баллада сазын шертіп тұрғандай.

Абай: Еңлік пен кебек қуғыннан қашып, аңдай боп, мына орда тауын паналап, азғантай ғана дәурен сүргенді. Сол бұйырмаған махаббат, достықтан біткен екеуінің баласы, жөргектегі нәрестесі - Жасұлан әкесі мен шешесінен айырылған күні жөргегінде жылаған күйінде, мынау шеткі Ақшоқының ессіз биігінің басына апарып тасталды. Дәл сол қаза күні, күн батқанша шегі қатып, жылап жатты. Суық дүние тылсым дүние ортасында тасбауыр адамнан алыс, жалғыздықтан үні өшті! Мәңгі өшті!- деді де Абай сөзін бітірді.

ІV. «Цифрлар сөйлейді» атты ойын.
Ойынның мақсаты: алдын ала әзірленіп әкелінген ерекше жылдар бойынша көзді ашып - жұмғанша тапқырлықпен көзделеді.
1. 1897 жылы Бұрынғы Семей уезі Шыңғыс болысында(Семей обл. Абай ауданында) дүниеге келді.
2. 1908 жылы Семейде орыс мектебіне алғаш оқуға барды.
3. 1917 жылы тырнақ алды туындысы «Еңлік - Кебек» пьесасын жазды.
4. 1921 жылы Кеңес мекемелерінде жауапты қызметтер атқара жүріп, баспасөз жұмысына да атсалыса жүрді. Бірнеше әңгімелер жазды. Соның бірі «Қорғансыздың күні».
5. 1930 жылдардың бас кезі «Манас»эпосын зерттеумен шұғылданды.
6. 1997 жылы Мұхтар Әуезовтің 100 жылдық мерей тойы
7. 1961 жылы дүниеден өтті.
V. Сергіту сәті – жарнамаға кезек беріледі.

Ү. Қиыннан қиыстырар...
«Жас ойшылдар әлемінде» деген айдарымен кезек сөзжұмбақ шешуге беріледі.
Мақсаты: оқушылардың дүниетанымдық қабілеттері мен ой өрісін кеңейтуге арналады. Бұл сөз жұмбақ дұрыс шешілсе, Мұхтар ағамыздың ең жақын адамының аты шығады.

1. Мұхтар Әуезов аударған атақты комедия.
2. «Қорғансыздың күні» әңгімесінің басты кейіпкері.
3. Мұхтар Әуезовтің қызы.
4. М. Әуезовтің балаларға арналған аты шулы әңгімесі.
5. Мұхтардың әжесінің аты.
6. Пьесасының аты.
7. Мұхтар сомдаған ұлы тұлға.
8. Мұхтардың зерттеген шығармасы.
9. «Қараш - қараш оқиғасы»атты шығармасының басты кейіпкері.

VІ. ˝Таныс бейне, таныс есім˝ атты сайыс.
Бұнда белгісіз бір шығармасынан кішкене ғана үзінді оқылады. Сол оқылған үзіндіден қай шығармасы және қандай кейіпкер екендігін табу керек.

1. Жолаушының бірінің торғын тасты жаңа түлкі тымағы бар қалың кейпінің сыртынан киген мол сұр шапанының жағасы қара барқыт. Аяғында байпағының қонышын барқытпен көмкерген жаңа қара етік. Алғашқы көрген жерден - ақ мынау мырзасы екен дегізгендей.
Бұл жігіттің жасы отыздар шамасында. Орта бойлы, дөңгелек денелі қысқалау мұртты, шоқша сақалды сұрғылт бетті дөңгелек, жалпақтау. Суық қарайтын қисық біткен кішілеу өткір көзінде және түксиген қабағында өзгеше қаталдық бар. Кішкене мұрны көз қабағына үйлеспейді. Бұл адамның күлгендегі пішіні құмарлыққа көп салынғандығын білдіріп тұрады.
Жауабы: М. Әуезов ˝Қорғансыздың күні ˝ Ақан мырзаның бейнесі.

2. Бақтығұл інісінің қасына жамбастай жақындай отырып, өзінің ең алғаш жаңа ғана айтқан ˝арысым˝ деген жайында қадала айналып, қатты қобалжып қалды. Мұның інісі анығында бойы биік, кеудесі талыстай дейтін, қол – сирағы ұзын да сом біткен атан жілік азамат еді. Бақтығұл өзі де кесек, балуан денелі, шықты, кеуделі келген де, інісі бұдан бойға биік, бар сүйегі балғын болатын.(Тектіғұл ˝Қараш - қараш˝ оқиғасы).

VІІ. Сабақты қорыту:
Айналайын, қазағымдай халықтан,
Бойларына жыр – күйлерін дарытқан.
Дана Мұхтар, ұлы тұлға Абайды,
Шіркін, қалай бар әлемге танытқан.

Қуат беріп Абай – Мұхтар бойыма,
Жырдан шашу ала келдім тойыңа.
Мұхтар десем, Абай тұрар жүректе,
Абай десем Мұхтар келер ойыма.

VІІІ. Сабақ аяқталып, әділқазылар алқасы ˝Шамшырақ˝ және ˝Жас ұрпақ˝ топтарына әділ бағаларын береді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама