- 06 мам. 2021 00:00
- 290
Ұлы жеңіс - ұлы қуаныш
«Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темір болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік »,- бұл аты аңызға айналған қазақтың даңқты батыры, белгілі жазушы Бауыржан Момышұлының сөздерінен.
Биыл Ұлы Жеңіске 76 жыл толып отыр. Жеңіс! Дәл осы тәтті әрі рухты сезім 1945 жылы 9 мамырда батырларымыздың кеудесінде ойнап, шаттық әні айтылған еді. Халықтың көзінен қуаныш жасы ағып, 5 жылдық құрбандық пен батырлықтың арқасында бейбіт өмір туды деп қуанған еді.
Миллиондаған жандар жеңіс атты сөзді есту үшін мерт болды. Миллиондаған жандар мүгедек болып, бірі аяғынан, бірі қолынан айырылды. Бірақ осынша жанкешті құрбан етудің арқасында, жеңіске жеттік.
Қазақтан шыққан, соғыс кезінде өшпес ерлік жасаған жандар көп. Айтсам жағым талары анық. Мысалы, Төлеген Тоқтаров есімді атамыз Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басып кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойған. Бақтыораз Бесікбаев алғашқы болып жанған ұшағын жау тобына бағыттап,ерлік жасаған еді. Сұлтан Баймағамбетов Ленинград үшін шайқаста, жаудың арнайы салынған қорғаныс ұясының оқ жаудырып тұрған аузын кеудесімен жауып, замандастарын өлім аузынан қорғауға тырысып, ажал құшқан еді. Бұл батырларымыздың жасаған ерліктерің бір сарасы ғана. Айтылмай кеткен ерлігі қаншама десеңші.
Естерінен адасып,
Жолына үйіп өлгенін,
Жеті басты жалмауыз
Жайыпты қан шеңгелін...
Бұл Жамбыл Жамабевтың «Ленинградтық өренім» шығармасынан үзінді. Бұл өлеңде соғыстың тигізген зарлы азабы мен мұңды жағдайлар туралы айтылады. Оқыған жанның көңіліне әсер беріп, жүректі тебірентпей қоймайды.
Қорта айтқанда, соғыс ешкімді қуантқан жоқ. Түн ішінде қараусыз, қаннен қаперсіз жатқан халықты соғыстың ащщы зарымен оятты. Бірақ ел қорғаған батырларымыздың арқасында, бұндай алпауыт азапты еңсере білдік. Біз, жастар, осы бір құрбандықтың мәнін біліп, қастерлей білуіміз шарт. «Жерге – тер төгіп, халыққа – қан төгіп қызмет етуден тайсалма!»,- деп Бауыржан атамыз айтқандай, еліміз үшін жан беріп, жан алысатын, жүрегі секунд сайын Отан деп соғатын, елінің, халқының игілігі үшін қызмет атқаратын жан болайық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, еліміздің керегесі биік әрі бекем болғай!
Сайлау Әдия Шахмарданқызы