Масс-медиа, технологиялар және қоғам
Масс-медиа және бұқаралық коммуникация саласының қолданыс аясы күн өткен сайын қанатын жайып, дамып келеді. Бүгінгі таңда кез келген салада оның араласпайтын не қолданылмайтын саласы жоқ.
БАҚ дегеніміз, яғни бұқаралық ақпарат құралдары – бұл арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Жалпы билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы рөлі болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жібереді. Наполеон: «Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор», - дегендей, баспасөзді төртінші билік деп те атауға болады.
Бүгінде БАҚ ағартушылық, насихаттық пен ұйымдастырушылық жұмыстарын атқарып келеді. БАҚ-тың атқаратын қызметі біркелкі емес, әркелкі. Оның ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамға аса маңызды оқиғалар мен процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Ал БАҚ-тың әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелер мен құндылықтарды сіңіріп, мінез-құлықтарын қалыптастыруға септігін тигізді. Осыған орай, «Масс-медианың қоғамға қандай әсері тиеді?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Дегенмен, масс-медиа халыққа ең қол жетімді құрал. Сондықтан да, біріншіден, оның мемлекеттік тілді дамытудағы рөлі өте жоғары. Екіншіден, халықтың ақпарат алу және оны талдау мүмкіндігі молайды. Сонымен қатар, БАҚ-тың қоғамға тигізетін әсерін зерттеген америкалық зерттеуші Г. Лассуэльді атап өту артық болмас деп ойлаймын.
Ол өз кезегінде, қоғамдағы коммуникацияның моделін 5 негізді ала отырып, ұсынған:
- Коммуникатор (ақпаратты жеткізуші)
- Информация (ақпарат)
- Канал (ақпарат жеткізілетін жол)
- Реципиент (ақпаратты қабылдаушы)
- Эффект (ақпарат қабылданғаннан кейінгі әсер)
Қысқаша айта кететін болсақ, БАҚ – тұлғаны әлеуметтендіруші институт.
Енді БАҚ-тың еркіндігіне келіп тоқталайық. Бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі адам бостандығының маңызды алғышарты болып табылады. Яғни, қоғам мен мемлекеттегі жоғарғы құндылық. Себебі, бұқаралық ақпарат еркіндігісіз азаматтық қоғамды елестету мүмкін емес. Қазақстан – БАҚ-тың еркіндігін қамтамасыз етіп келе жатқан мемлекет. Ал бұл бостандықтың кепілі – Ата заңымыз және Республика Президенті!
Менің ойымша, қоғамның пікірін қалыптастыру, ақпаратпен қамтамасыз ету, ағарту, хабар беру және экономикалық үлес қосу сияқты қызметтер ақпарат құралдарының қызметі бола тұра, мәселелері де жоқ емес. Яғни, біліктілікті арттыру, жұмыспен қамту, экономикалық және құқықтық, т.с.с мәселерді қолға алу қажет деп ойлаймын. Себебі, бүгін де қазақ халқының ұлттық идеясына қатысты өзекті мәселелер күн тәртібінен түспей отыр. «Ұлттық идея: талқылауға ұсыныстар» деп аталатын академик Ә. Нысанбаев бастаған бір топ ғалымның пікірлері баспасөз бетімен қатар, ғылыми басылымдарда да жалғасын тапты. БАҚ – бұл мемлекеттік идеология құралы. Осыны ескере отыра, бұл жерде жоғарыда атап өткендей ұлттық идея төңірегінде болашаққа қадам баса, бірнеше идеялар мен үлгілер ұсынылды. Тағы да айта кетерім, ақпараттық технологиялар экономикаға көптеген жаңашылдықтар әкеледі. Ақпараттық технологиялар арқылы бизнесті жүргізу жеңілдей түседі. Олар халықаралық келіссөздердегі шығын көлемін азайтады деп ойлаймын. Олардың көмегімен жаһандық көлемде тұтас нарық қалыптасып, тұтынушылар қоғамы құрылады. Жаһандану – адамзатпен бірге келе жатқан үрдіс. Оның айтылуы мен аталуы жаңаша болып көрінгенімен, оның түп тамыры ежелгі тарих қойнауында да жатыр. Қазіргі медиа-мәдениетті де жаһандану үрдісіне қоссам қателеспеспін. Бірақ, осы тұста бір сұрақ тууы мүмкін, ол – жаһандану заманында біз еліміз бен тілімізді сақтай аламыз ба? – деген сауал. Шынында, бүгінде Батыстың мәдениеті ықпалды болып тұрғаны рас. Осы орайда біз ол мәдениеттен нені алуымыз, нені алмауымыз қажет екенін ескеруіміз жөн. Мәдениеттің өзі екі жолмен пайда болады. Біріншісі – дүниетанымнан, екіншісі – ғылыми- техникалық дамудан келіп шығатын мәдениет. Әрине, біз бұл жерден Батыстың ғылыми-техникалық дамуынан келіп шыққан мәдениетін алуымызға болады. Ал бұл ғасырда әр қазақ жасы мультимедияның құлағында озық ойнап, оның қыр-сырын білуі тиіс деп ойлаймын. Себебі, мұны меңгерумен біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз.
Түйіндей келе айтқанда, жалпы алдағы уақыттағы еліміздегі баспасөздің болашағы зор. Тілдерді дамытуда БАҚ-тың атқаратын рөлі өте маңызды. Соған орай, қазақ елінің азаматы мемлекеттік тілдің қадірін түсіне білген жөн. Себебі, «Тілдің болашағы – ұлттың болашағы».