Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Үлкен шалшықшы

Үлкен шалшықшы — ақ селеулі Қазақстан даласының әшекейі. Біздің даламыздағы ең үлкен шалшықшы. Ұзын аяқтар, жіңішке ұзын доғатәрізді төменге иілген тұмсығы бар. Жоны ашық сұр түсті, тек құйрық үсті ақ түсті. Жерде жүретін құс, бұталарға отыра алады. Төтенше жағдайда, мысалы жаралы болғанда ғана жүзеді. Үлкен жалпақ қанаттарымен бойлай және баяу қағып, жақсы әрі ұзақ ұшады. Дауысы — әдемі, әуенді, жәй дірілдеген ысқырық. Мұндай дыбысты ертелі-кеш ойнақ салық ұшқанда шығарады. Күндіз белсенді, көктемгі және күзгі қоныс аудару кезінде, түнде де ұшады. Жәндіктермен және басқа да ұсақ жануарлармен қоректенеді, кейде дәнмен де қоректенеді. Жұптасып тіршілік етеді. Құрғақ шөп төселген шұңқыр ұясына аналығы 4 сарғыш жасыл теңбілді жұмыртқаларын салады. Аталығы мен аналығы кезектесіп басып шығарады, балапандарын бірге ілестіре жүріп, бірге қорғайды. Аңшылар үшін үлкен шалшықшы патша қыр құсы болып есептелінеді.  

Қазақстанда Еділ-Жайық өзендерінен Ертіске дейін, яғни республиканың солтүстік бөлігінде кездейсоқ кездесіп қалады. Саны белгісіз, жылына 10-ға дейін шалтықшы есепке алынды. Шектеу факторлары анықталмаған.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама