- 20 ақп. 2023 00:00
- 241
Ұлт болашағы – білімді шәкірт қолында. Сәбидің бәрі...
«Ә.Махутов атындағы мектеп-бөбекжай кешен» КММ
Деффектолог маман
Ғабит Қаракөзайым
Үш қасиет - кең көлемді білім, ойлай білу және қайырымдылық сезім- адамның шын мағынасындағы білімді болуы үшін қажет.
Н.Г. Чернышевский
Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашып, ержеткеннен кейін, тұлға болып қалыптасу үшін өмірден өз орнын табуы тиіс. Хәкім Абай: «Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан» - деді емес пе?
Білім – теңіз, мектеп – кеме демекші тәуелсіз Қазақстанды дамыған, бәсекеге қабілетті елдің қатарында терезесін тең ететін – білім екені сөзсіз. Мемлекетімізде әр баланың білім алуына толық мүмкіндік жасалған. Алайда бізді алаңдататыны – ерекше білім беруді қажет ететін балалардың көбеюі. Оларды қоғамнан аластатуға біздің ешқандай құқымыз жоқ. Керісінше, қатарластарымен тең, бірге дамуына, білім алуына көмек қолын созуымыз қажет. Әр педагогтың міндеті-оқушының шығармашылық ойына бағыт беру, шығармашылық ізденісті қолдау, жүйелі зерттеулерге талдау жасауға талпыныс беру. Педагог-деффектолог ретінде келесідей жаттығуларды сынап көрудеміз:
Асық ойыны баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйлыстыққа тәрбиелеген. Асық ойынында үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені жартылай бүгу, жиырылу, ширығу жас балалардың денесін шынықтырып, аяқ-қолдағы буын ауруларының алдын алады. Қазақтың бұл ұлттық ойынын соңғы кезде балалар арасынан көру қиын болып бара жатыр яки ұмытылып жатыр деуге болады. Біз осы мақсаттта асықтың ұлттық құндылығын жоғарылату әрі ерекше балаларға ерекше әсері барын анықтап асықпен жұмыс жасау.
Қазақтың асқақтығын танытатын құндылығымыз – киіз үй. Бұл арқылы ерекше балаларымыздың елге, Отанға, жерге, ана мен әкеге және ең маңыздысы, өзіне деген сүйіспеншілігін арттыру. Бұны қалай үйретеміз? Әуелі, киіз үйді, шаңырақты түсіндіру барысында оның Отанымызға тиесілі екенін, ішкі әлемін көрсете отырып, ана мен әкенің мейірім шексіздігін түсіндіреміз деп ойлаймыз. Ал өздері оны ұстап көріп, жасап көріп өзіне деген сенімділігін арттыратынына сенеміз. Төрт түлік пен ұлттық киімдер арқылы таным-түсінігі дамиды. Құр-басқұрды яғни ішкі жасауын ұстап өзі жасауына ықпал ете отырып қол моторикасын дамытып және көңіліне ерекше әсер қалдырады деп сенеміз.
Дәл осылай қазақтығымызды танытатын кішкентай болса да макеттер арқылы ерекше балалардың білім көкжиегін кеңейтуге Сіз де атсалысыңыз!