Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ұлттық сусынның сырын ашқан туындылар

Ұлттық сусын туралы жазбалар мен әдеби шығармаларды жинастырып, қымыздың көптеген шығармаларға арқау болғанына көзім жетті. Дүкенбай  Досжанның «Қымыз» әңгімесі ерекше әсер  қалдырды. Қазақтың  бал сусыны қымызды зерттеуге бүкіл ғұмырын, яғни 60 жылын арнаған Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, биология ғылымдарының докторы, профессор Зұлхарнай Сейітовтің еңбегін зор  бағалап, болашақта мен де осы кісінің жұмысын жалғастырып, био-технолог мамандығын таңдап, ол атамыз жете алмаған жетістікке жетіп, қазақтың сусыны қымызды брендке айналдырғым келеді.

Әр қазақ  Дүкенбай Досжанның этнографиялық шығармасын оқып, болашақта шығармадан алған тәлім-тәрбиесін өзі қолданып, ұрпағына  аманат етсе,  қазақ баласы түрлі денсаулығымызға зиян сусындарды ішпей, бие сауып, күбі пісіп, қымыз ішсе деген тілегім бар.

«Дүниеде неше түрлі нығымет бар ғой,

Сонда да сенің жөнің жеке дара.

Көпірсең жұмсақ иісі анадайдан,

Кеудеңді жарып кетер әлде қайдан».

Сапырсаң сар шараға құлаш керіп,

Жиылған мейманыңа құйып беріп,

Ата ұлын, ене қызын безіп тастап,

Кетпей ме, екі ұдайда саған еріп.

Қымызсыз, маған салса Аплатон бол,

Көрмессің сөзің тыңдар ешбір жанды.

Басыңнан қымыз кетсе, қызық кетер,

Сын - сыйық, сәулетіңді бұзып кетер.

Кешегі бәйек болып отырған жұрт,

Күдерін бүгін сенен үзіп кетер, - деп ұлттық  сусынымызды жырлаған Сұлтанмахмут Торайғыров сынды көптеген ақын-жазушылар өз шығармаларына  арқау еткен қымыздың емдік қасиетін бар қазақ жақсы біледі.

Ал поэзияның Хантәңірі  М.Мақатаев  «Дастарқан  үстінде»  деген өлеңінде өзбек жігітіне:

Қымыз іш, қазыдан ал, тартынбағын,

Тауға жүр, өзенге түс, салқындағын.

Өзіңнің өзбек бабаң секілденген

Ұмытпа қазақ деген халқың барын,- деген  ұлтымыздың ерекше сусынының бірі -  қымыздың тарихына тоқталсам.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама