Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 58 минут бұрын)
«Ұлты басқа, кәрілеу»: Толқын Забирова күйеуінің өнері туралы сыр шертіп, елге елең еткізді

Әнші Толқын Забирова өзінің «ұлттық болмысы бөлек, бірақ жаны қазақ» деп сипаттайтын күйеуінің қазақ өнеріне сіңірген еңбегі жайлы айтып берді. Өнер иесі «Таңшолпан» бағдарламасында жолдасы туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Күйеуімнің жаны – қазақ

Толқын Забированың айтуынша, күйеуі қазақ өнеріне көп еңбек сіңіргенімен, өзін көпшілікке көрсетуге, насихаттауға асықпайды. Оның табиғаты сондай, қолынан іс келеді, бірақ өзін жария еткісі келмейді.

«Ұлты қазақ болмағанымен, жаны да, тәні де қазақ. Қазақ өнеріне еңбек сіңіріп, жүрегі қазақ деп соққан азаматтың бірегейі. Өзі Жамбыл облысында туып-өскен. 1,5 жастан әке-шешесінен айырылып, балалар үйінде тәрбиеленген. Өмір бойы өзін қамшылап, осындай деңгейге жетті», – дейді әнші.

Сахнаға шығарған тұлғалар

Забированың сөзінше, күйеуі Ермек Серкебаев, Роза Бағланова сияқты қазақ өнерінің майталмандарымен бірге жұмыс істеген. Ол көптеген өнер адамдарын сахнаға шығарып, олардың гастрольдік және концерттік бағдарламаларын дайындаған.

«Қазақконцерттің гастрольдік концерттік бағдарламаларымен 35 жыл айналысты. Шоу-бизнестің іргетасын қалаған, кірпішін салып кеткен – менің жолдасым. Кейде «қазақ емес» дегендерге айтарым, менің балаларым қазақ жерінде туып-өсті, төлқұжаттарында да қазақ деп жазылады», – деп қосты әнші.

Шетелде босану ұсынысы

Әнші ана атанар сәтте шетелде босану туралы ұсыныстардың көп болғанын да жасырмады. Алайда, ол бұл ұсыныстан бас тартқан.

«Менің елім, жерім – қазақ жері. Балаларым да осы жерде туылады. Кейін қай жерде тұрғысы келетінін өздері шешеді», – деп түйіндеді Толқын Забирова.

Жаңалықтар

Жарнама