- 15 шіл. 2022 00:00
- 202
Ұмытылған батыр
Ол жайлы деректер жоқтың қасы. Есімінің еш жерде аталмай, еленбегенінің өзі қызық әрі реніш тудырады.
Орынбордағы Алаш орда үкіметінің жалпықазақтық съезі кезінде Түркістан өлкесінің атынан шыққан атпалдай азамат. Съез президиумына кірген саусақпен санарлық 4 қоғам қайраткерінің бірі. Осының барлығы, қазақ зиялы қауымы арасында беделді де білікті, сыйлы да ардақты тұлға болғанын дәлелдейді. Алаш орда мен Түркістан автономиясының негізін қалаушылардың бірі.
1930 жылы «ұлтшыл» деп айыпталды.
1937 жылы мемлекеттік террористік әрекет барысында тағы да айыпты саналып, Кеңес үкіметін құлату мақсатында үгіт-насихат жүргізіп, қоғамға іріткі салған адам ретінде жазаланды. Ауыр жазаға тартылды.
Халқымыз бастан кешірген сындарлы сәтте еркіндікті аңсаған бабасының қасиетті қаны тұла бойында қайнап тұрса керек.
Ол Әзімхан Кенесары-тегі. Қазақтың соңғы ханы Кенесары ханның немересі. Үштіктің үкімімен 1937 жылы ату жазасына кесілді.