- 05 қар. 2019 00:00
- 240
Үркер көтерілгенде...
Ел аузында «үркер көтерілгенде сорпа ас болады» деген сөз бар екен. Бір жолаушы келе жатып, бір үйге түссе, қонағасы беріп жатыр екен. Ас артынан кейін «үркер көтеріліп қалыпты» деп сорпаны көп ішкізіпті. Ертеңінде аттанған қонақтың атының жүрісі жайсыздау болып, кешегі артықтау ішкен сорпадан іші ауырады. Соған өзі қатты ыза болыпты. Кешкісін тағы бір үйге түсіпті.
Тағы да кешегідей қонақасы беріпті. Әлгі үйдің иесі де ет жеп болған соң:
— Қонағым, алыс жолға кетіп бара жатқан қонақ екенсің, тойып алғаның жақсы болар. Үркер көтеріліп қалыпты, сорпа іш, — дейді.
Кешеден әбден ығыр болған жолаушы үй иесіне былай депті:
— Ей, ақсақал, сол сорпаны мен ішпейін, сол аспандағы алты итіңе берші, — депті.