- 23 шіл. 2019 00:00
- 240
Үш жалқау
Ертеде бірінен-бірі өткен ағайынды үш жалқау болыпты. Бар бітіретіндері бас көтермей ұйықтай береді екен.
Бірде үшеуі жолға шығыпты. Тоғай арасына келгенде, мәуелі ағаш көлеңкесіне қисая кетіпті.
Бірінші жалқау:
— Е, құдай, мына өріктер піссе, — депті.
Екіншісі:
— Ауызға келіп түссе, — депті.
Сонда үшіншісі оларды кінәлай сөйлеп:
— Түу, соны айтуға қалай ерінбейсіңдер? — депті.