- 07 ақп. 2018 00:00
- 277
Ұстаз – ұлы есім
Қызылорда облысы Қазалы ауданы
Майдакөл ауылы № 98 орта мектеп
1 «А» сынып оқушысы Сердалиева Ақерке
Жетекшісі: Бакибаева Жансая
Ұстаз — жас ұрпақтың рухани сәулеткері. Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, бар білімін үйретіп тәрбие беретін ұстаздардың еңбегі зор.
Ұстаз — екінші анамыз. Ұстаз шәкіртінен жетістікті көрсе, өзінің еңбегінің жемісті болғанына қуанады. Ұстаз болу да нағыз ерлеу болып саналады.
Менің ұстазым Жансая апай. Ұстазымыз бар білгенін бізге үйретуден жалыққан емес. Өз ісінің маманы. Мен өз ұстазымды жақсы көремін.
Ұстаздардың әсерлі үнімен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай.
Білімді, тәрбиелі, ел болашағын ойлайтын, саналы ұрпаққа тәрбие беретін ұстаздарға мың алғыс айтқым келеді.