Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы
Тақырыбы: Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы (сайыс)
Мақсаты: Оқушылардың ұстазына деген құрметін, білімімен, өнерімен, тапқырлығымен, шапшаңдығымен көрсете білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, мақал - мәтелдер, топшамалар, қима суреттер.

Барысы: Кіріспе бөлім:
Жүргізуші:
Жан шуағы, күн шуағы арай ма,
Ұстаз деген әулиедей талайға.
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
Әл - фараби, Омар Хаям, Абай да.

Жүргізуші:
Қайырлы күн, ұстаздар мен қонақтар!
Армысыздар, қазылар алқасы және сайыскерлер!

Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға.
Қошеметтеп, асыл халқым, қол соғыңдар,
Сайысқа қатысушы тұлғаларға.

1 - жүргізуші:
Қатысушы ұстаздарды, сүйікті шәкірттерімен ортаға шақырайық!

Ұстаздарым, биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып, өз мерекең қарсы алды.
Куанышты жарқын тілек білдіріп,
Құттықтаймыз, ұстаздарым, баршаңды!

Жүргізуші:
Кім жеңеді байқауда үміт алда,
Қобалжу бар, жүректе күдік барда.
Қазы алқасы атынды ақта,
Жүйріктерге арман мен бақыт жолда,- дей келе байқаудың қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
.....................

Жүргізуші:
Ұстаздар, жан, анамдай аялаған,
Көлеңкелі бәйтерек саялаған.
Айналдық, мейрімді жүрегіңнен,
Шәкірттерден өз бақытын аямағанІ

сайыс бағдарламасымен таныстырып өтейік.
1) Таныстыру
2) Өнерлі өрге жүзеді(өнерлерін көрсету.)
3) Білім инемен құдық қазғандай
(Сурет құрастыру, тапсырмалар орындау)
4) Тапқыр бол да, шешен бол.
(Жұмбақ шешу, шешуін 3 тілде айту, шешуіне байланысты мақал айту.)
5) Сұрақ – жауап

Жүргізуші:
Шақырып жарыстарға сан салалы,
Жетекшілер бәріңе жар салады,
Ту етіп достықпенен татулықты,
Сайыстың мүшелерін қарсы алады.-
деп өлең жолына қосып жырлағандай ұстаздардың білімді, тапқыр шәкірттерімен сайысын бастайық.

1 - кезең. Таныстыру.
Әр сынып жетекшісі шәкіртімен бірге өз қалауымен таныстырады.

Жүргізуші:
Ұстаз болу жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.

2 - кезең. Өнерлі өрге жүзеді. «Өнер көрсету»
Жүргізуші:
Суарып ізгі тілекпен,
Жаныма менің гүл еккен.
Қиындықты бірге көрген,
Қымбатсың маған ұстазым!

3 - кезең. Білім инемен құдық қазғандай. ( Сурет құрастыру, тапсырма орындау.)
Құрастырған суретке қарап есеп құрастыру немесе әңгіме құрау.
Жүргізуші:
Дана да басын иетін,
Дарынды шексіз сүйетін.
Жадымда мәңгі жүретін,
Қымбатсың маған ұстазым!

4 - кезең. Тапқыр бол да, шешен бол. ( Жұмбақ шешу, шешуін 3 тілде айту, шешуіне байланысты мақал айту.)
1) Ақыл – ойдың шырағы,
Зәулім көктей шынары.
Биігіне бойлаған,
Қанбайды адам құмары.( білім)

2) Өзім дыбыстардан тұрамын,
Әріптерден таңбаланып жазыламын. (сөз)

3) Бірде төмен, бірде шығып жоғары,
Сөз - сөйлесең қозғалыста болады. (тіл)

4) Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді. (ұстаз)

5) Білімнен мол сый – асы
Балғындардың ұясы. ( мектеп)

6) Төбеден төнеді,
Тамшысын төгеді.
Сол кезде қаулап,
Бәйшешек өнеді. ( жаңбыр)

Жүргізуші:
Білімнің кәусар бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің - мұғалім,
Ұстаз да, ғылым дана да.

5 - кезең. Сұрақ – жауап.
№1
1) Дыбыс нешеге бөлінеді?
2) Қосуды немен тексереміз және қалай тексереміз.
№2
1) Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
2) Азайтуды қалай тексереміз?
№3
1) Зат есім дегеніміз не? мысал келтір.
2) Көбейтудің компоненттерін ата және қасиеттерін ата?
№4
1) Етістік дегеніміз не? Мысал келтір.
2) Белгісіз көбейткішті қалай табамыз?
№5
1) Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.
2) Белгісіз бөлінгішті қалай табамыз?
№6
1) Сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.
2) Белгісіз бөлгішті қалай табамыз?
Білімнің кәусар бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің - мұғалім,
Ұстаз да, ғылым дана да.
Байқаудың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама