- 17 қаз. 2019 00:00
- 207
Ұстазыма
Ұстазым менің ұстазым,
Өзіңмен өтті қыс жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым менің ұстазым.
Бұл өлең жолдарын білмейтін пенде кемде кем шығар. Бейне бір гимніміздей болып ұлағымызға сіңіп жүрегіміздің төрінен орын алған жақсы ән ғой. Ұстаз ұлы тұлға! әдемі айтылған сөз. Осындай бір керемет сөзге үңілетін болсам, Ұстазсыз шәкірт қанатсыз құс деген мақал есіме түседі. Құс секілді қанатыңды кеңге самғап биікке ұшуың үшін ең бірінші ұстаз керек екен. Ұстаздарымыздың арқасында ең бірінші партаға қалай отыруды, қаламды дұрыс ұстауды үйрендік.
Енді міне сексен жылдан аса тарихы бар Қоқыттай бабамыздың атындағы киелі университетте, мектептеі үздік оқып мемлекеттік грант иегері атанып жоғарғы біліммен сусундап жатқанымыз әрине ұстаздардың еңбегі. Әрі қарай тәрбиемізді жалғастырып жоғарғы білім беріп біздерге тура жол көрсетіп жатқан оқытушы профессор ағай апайларымызға рахметімізді айтамыз. Әке шешелеріміздің кейде ұстаздарын қалай құрметтегендерін естігенде ертегідей естіледі.
Сонда біздердің ұсақталып кеткеніміз бе? Әлде заманымыз сондай тәрбие беріп жатыр ма? Жоқ бәрі де өз қолымызда! Достар үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруді бірінші орынға қояйық. Тәрбиесіз алған білім ол білім емес демей ме? Болашақ біздің қолымызда. Сондықтан да саналы білім мен қазақы тәрбиемен үйдегі ата анамыздың үмітін ақтайтын ұстаздарымыздың мәртебесін көтеріп жүретін Қазақстанымыздың өсіп өркендеуіне үлес қоса алатын үш тілді еркін меңгерген, бәсекелестікте жеңіп шығатын ұрпақ болып өсеміз.
Құрметті де қадірлі ұстаздарымызды жоғары ілтипатен құрметтейміз. Біздер үшін ұстаз мәртебесі ең жоғары биікете. Ұстаздар мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздер үшін биылғы оқу жылы жақсы жетістікке жететін, берекелі де абыройлы жыл болсын! Дендеріңіз сау болсын! Ауырмаңыздар! Жанұяларыңыздан тыныштық пен береке жылуы кетпесін!