Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың жалпы үй жануарлары туралы түсінігін кеңейту, үй жануарларының қандай пайда келтіретінін айта алуға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың белсенді сөздік қорын молайту, байланыстыра сөйлеу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды үй жануарларына, олардың төлдеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым, сұрақ - жауап
«Кім тапқыр?» ойыны, топтық жұмыс, «. Бас бармақ» тәсілі.
Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта, слайдтар, түрлі түсті суреттер, таратпа
материалдар, А3парағы, желім қағаздар, «Қошақаным» мультфильмі.

Сабақ жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Сабақтың тақырыбы, мақсаты.
III. Үй тапсырмасы.
IV. Жаңа сабақ.
V. Бекіту.
VI. Қорытынды. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма.

I. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Сәлемдесу.
Ә) Шаттық шеңбер.
Б) Қыс мезгілі, бүгінгі күн жайлы әңгімелесу.

II. Үй тапсырмасы. Берілген суреттер бойынша «Менің күшігім» тақырыбын мазмұндау немесе өз күшігі, мысығы жайлы әңгімелеу, суретін салу.

III. Жаңа тақырып.
1. «Кім тапқыр?» ойыны. Үй жануарлары қалай дыбыстайды?
(Үнтаспадан үй жануарларының қалай дыбыстайтынын айтады)

2. Сөздікпен жұмыс.
А) оқып, аудару, сөздерді буынға бөліп оқу, қандай сөз, тән дыбысы бар ма? Сұрақ қою.
Ә) сөз тіркесін, сөйлемдер құрастыру.
Адам – человек
бағады – ухаживает
Пайда – польза
әкеледі – приносит
Жүн – шерсть
тоқиды – вяжет

3. Сергіту сәті.

4. Мәтінді мәнерлеп оқы, аудар.
Үй жануарлары.
Үй жануарлары: жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі. Үй жануарларын адамдар бағады. Үй жануарлары адамға пайда әкеледі. Сиыр, ешкі сүт, ет береді. Қой мен түйенің жүнінен киім тоқиды.

5. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
1. Үй жануарларына не жатады?
2. Үй жануарларын адамдар не істейді?
3. Үй жануарлары кімге пайда әкеледі?
4. Сиыр, ешкі не береді?
5. Ненің жүнінен киім тоқиды?

IV. Бекіту.
1 – тапсырма. Мәтінді дұрыс аударып, толықтырып оқы.
Үй жануарларын адамдар (ухаживают). (Домашние животные) адамға (польза) әкеледі. (Корова, коза) сүт, ет береді. (Овца и верблюд) жүнінен киім (вяжут).

2 – тапсырма. Грамматикалық тапсырма. (Топтық жұмыс)
Жұмыстарды ауыстыру, бас бармақпен бағалау.
I. Мен қошақанмен ойнай....
II...... үй жануарларын баға....
II...... киім тоқи....
III...... пайда әкеле....

3 – тапсырма. Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрастыр. (Топтық жұмыс)
«Бағдаршам» тәсілімен бағалау.
1. Бағады, жануарларын, үй, адамдар.
2. Сүт, береді, сиыр, ет, ешкі.
3. Киім, жүнінен, қой, тоқиды, мен, түйе.
4 – тапсырма. «Ойлайық та, ойнайық!». Берілген әріптерден сөздер құрастыру.
Жұмсақ ойыншық – қонжық.
Жылқының төлі – құлын.
Ол туралы ертегі бар – лақ.
Ең қорқақ аң – қоян.
Қойдың төлі – қозы.
Овца (баран) қалай аударылады? - қой

5 – тапсырма. «Ән – көңілдің ажары». «Қошақаным» әні.

V. Қорытынды.
VI. Бағалау. Берілген стикер бойынша тақтаға жаз, күз ағаштарына жапсыру арқылы сабақтың қалай өткенін бағалау.

VII. Үйге тапсырма. Сөздік жаттау, мәтін бойынша түсінік.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама