Солтүстік қазақ жазығы
Солтүстік қазақ жазығы
8 сынып
Мақсаты: 1. Солтүстік қазақ жазығының географиялық орны, геологиялық құрылысы, жер бедері, климат, өзен - көлдері жайлы білім беру
2. Оқушылардың оқулық карта, басқа да қосымша дерек көздерімен өздігінен жұмыс жасау, іздену, салыстыру, өз ойларын еркін де жүйелі баяндау сияқты қабілеттерін дамыту.
3. Қоршаған табиғатты қорғауға бағытталған экологиялық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Оқулық, атлас, кескін карталар, Қазақстанның физикалық картасы, карточкалар, пайдалы қазба үлгілері, кеппешөптер (гербари) үлгілері, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: биология, Қазақстан тарихы
Әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, кесте, тест т. б. жұмыстар
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасы - «Тұран жазығы» тақырыбы бойынша сұрақтар: 1. геграфиялық орны?
2. Аймақтың құрамы? 3. Жер бедері? 4. Оқулық мәтіні соңында берілген №7 сұраққа жауаптарын тыңдау (Арал теңізінің экологиялық жағдайы)
ІІІ. Жаңа сабақты Құрманғазының күйі «Сарыарқамен» бастаймыз және интерактивті тақтада даланы бейнелейтін суреттер көрсетіледі.
Тақтада 5 бақылау сұрақтары бойынша жаңа сабағымызды жалғастырамыз:
1. НЕ? 2. ҚАЙДА? 3. ҚАНДАЙ? 4. НЕГЕ? 5. НЕ ҮШІН?
(Оқушы жауаптары мынандай үлгіде болуы тиіс: 1. Солтүстік қазақ жазығы. 2. Еліміздің солт - де, 3. Тегіс, жасыл, шоқ ормандар араласқан. 4 Еліміздің солтүстігі жер бедері, табиғаты т. б білгіміз келеді.)
Дәптерге тақырыпты, күнді жазу. Картаны пайдалана отырып географиялық орнымен геологиялық құрылымын баяндау. Бұл жазық Қазақстан жерінде Орал тауларынан Алтайға дейін ені 200 - 250 км. жіңішке алапты алып жатыр. Оңтүстігінде Сарыарқамен шектеседі. Палеозойдың қатпарлы - жақпарлы шөгінділерінен тұрады. Кайнозой эрасында теңіз тартылып, қазіргі жер бедері қалыптасқан.
Солтүстік қазақ жазығы 4 ауданға бөлінеді.(Инт. тақтада көрсетіледі) 1. Есілдің жазық орманды даласы. 2. Тобыл - Обаған жазық даласы. 3. Есіл - Ертіс даласы. 4. Ертіс - Құлынды жазығы.
Сыныппен «Оқулықсыз картамен жұмыс» деп аталатын өздік жұмысы:
Тапсырмасы: Оқулықты жауып қойып, Солтүстік қазақ жазығының табиғат зоналары, климаты, топырағы, геологиялық құрылымын атластың тақырыптық карталары бойынша оқушылар өздері анықтайды.
Топпен жұмыс
І топ - оқулық мәтіні мен картаны пайдаланып, өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесін сипаттау. Кеппе шөптерді (қайың. көктерек жапырағы, қамыс, сәбізшөп, бетеге, мойыл) пайдаланып 5 сезу мүшесі арқылы нені байқады сол туралы мына сұрақтар бойынша шағын шығарма жазу (көремін, естимін, сеземін, ұстап көру арқылы сезінемін)
ІІ топ - Пайдалы қазба үлгілері арқылы оқулық мәтіні мен картаны пайдаланып сипаттама беру. (тас көмір мен қоңыр көмір, темір, боксит т. б)
ІІІ топ - Өзен - көлдердіңсипаттап топтастыру. Шығыс Қазастан жері арқылы ағып өтетін нег ізгі Ертіс өзені жайлы айту. Ол обектің сол жақ саласы. Қытайдан Бала Ертіс деп басталып, Қазақстанда Қара Ертіс деп аталып, Зайсан көліне құяды. Омбы қаласына дейін 1000км. ден астам жерінде бірде - бір сала құймайды. Тобыл өзені құятын жерден бастап Ертістің суы молайып, бірнеше тармаққа бөлінеді. Төменгі ағысында сол жағынан - Тобыл, Есіл, Вагай, Қоңды, оң жағынан - Омь. Тарта, Демьянка келіп құяды. Өлкеде Құсмұрын, Шағалалы теңіз, Сілеті теңіз, Қызылқақ, Теке т. б көлдері көп (Ішкі сулар тақырыбынан мәліметтер қосуға болады)
Топтардың дайындалуына 5 - 7 мин. уақыт беріледі. Әр топ жауаптарын қорғап, геогр. нысандарды картадан көрсетіп, бағаланады.
Экологиялық жағдай туралы мұғалімнің сөзі: Еліміз тарихында 1955 - 1958 ж. ж. тыңайған жерлерді игеруге байланысты Солтүстік қазақ жазығындағы Павлодар, Қостанай облыстарының 805 мың га. қара және қоңыр топырақ жерлері жыртылып, жел эрозиясына ұшырап, егіске жарамай істен шығып қалған. (Слайд көрсету)
Сондықтан бұл жердің экологиялық тепе - теңдігін сақтап қалу үшін орман алқаптарын кеңейту, егістік жерлердің құнарлығы үшін күресу, өсімдік жамылғысын жетілдіру жаңа технологиялады пайдалануда.
Өздік жұмыс: Солтүстік қазақ жазығы мен Тұран жазықтарына байланысты жауаптарды топтастыру: Сырдария, Балқаш, Ертіс, Құлында жазығы, Шағалалы теңіз көлі, Бетпақдала, 18 - 20°С, шөл - шөлейт зонасы, +22° +24°С, кайнозой эрасында теңіз тартылған, палеозойда қалыптасқан эпигерциндік құрылым.(Жауаптарды кестеге бөліп жазу, әрбір жауапқа қысқаша түсінік беру)
Солтүстік қазақ жазығы
Ертіс, Құлынды жазығы, 18°- 20 °С, кайназой эрасында теңіз тартылған,
Тұран жазығы
Балқаш, Сырдария, Бетпақдала, +22,+24°С, шөл - шөлейт зонасыпалеозойда қалыптасқан
ІV. Бекіту сұрақтары:
Бірнеше жауаптары бар тест: Солт. қазақ жазығына байланысты тұжырымдарды анықтау:
А) Оның құрамына Жалпы Сырт, Каспий маңы, Жем үстірті кіреді (жауап: қате, бұл Шығыс Еуропа Жазығына қатысты)
Ә) Ол оңт - де Сарыарқамен шектеседі. (жауап: дұрыс)
Б) Оның басты өзені Ертіс (жауап - дұрыс)
В) Шөл, шөлейт зоналары таралған (жауап - қате, бұл Бетпақдалаға қатысты)
Г) Қайың, көктерек, сәбізшөп өседі (дұрыс)
Д) Негізгі басты өзені - Жайық. (дұрыс емес) (Дұрыс жауаптары - ә, б, г.)
«Сандар сөйлейді» деп аталатын сұрақтар, Берілген сандарды оқушылар «сөйлетуі» керек.
1) 200 - 250км, 2) 1700км, 3) 100м, 4) 18 - 20°С, 5) 350мм, 6)- 17,- 19 °С.
Жауаптары: 1 - Солт. Қазақ жазығының Қазақ жеріндегі Оралдан Алтайға дейінгі қашықтығы.
2 - Есілдің Қазақстан жеріндегі ұзындығы
3 - Жазықтың солтүстігінде биіктігі
4 - Шілденің орташа температурасы
5 - Жауын-шашынның мөлшері
6 - Қаңтардың орташа температурасы.
V. Үйге: кескін картамен жұмыс және ерекше түрдегі үй тапсырмасы:
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы
Аягөз аудандық білім бөлімінің
«№4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
География пәні мұғалімі Тұрарова Назгүл Сайлаубековна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.