Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Үй жануарлары сабақ жоспары


Тақырыбы:
Үй жануарлары
1-сабақ. 4-бөлім: Бізді қоршаған әлем

 
Күні,айы:Мұғалімдер: Төретаева Ж.С.
1 Г сыныпҚатысқан оқушылар саны:

 
Қатыспаған
 оқушылар саны:
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу
мақсаты 

 
1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.
1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну.
1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды ақтай отырып,түрлі тәсілдермен жауап беру.
1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қою.
1.5.1.4. Мұғалімнің көмегімен сөйлеу барысында сілтеу есімдіктерін дұрыс қолдану.
Сабақ мақсатыБарлық оқушылар:
 Үй жануарларын атай алады,олардың санын айта алады.
Оқушылардың басым бөлігі: Тақырып бойынша сөйлесе алады,үй жануарларына қатысты сұрақты дұрыс қоя алады.
Кейбір оқушылар: Үй жануарлары туралы қосымша мәлімет біледі, оларды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.
Күтілетін нәтиже:

 
- үй жануарларының аттарын біледі;
- сәйкестендіру тапсырмасын дұрыс орындау дағдысын игереді;
- үй жануарларының пайдасы туралы түсінікті меңгереді.
Тілдік мақсатОқушылар орындай алады:
 Оқушылар үй жануарларының атын білуі керек, сұрақтарға жауап беру және сұрақтар құрастыра алады. Таныс сөздер арқылы сөз тіркестерін, сөйлемдер құрай алады, сурет бойынша 2,3сөйлем құрастыра алады.
Пәнаралық байланысматематика, дүниетану,орыс тілі
Өтілген сабақтың материалыОқушылар тақырып бойынша кейбір сөздерді біледі, сөздерді буынға бөліп оқи алады.
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңдеріЖоспарланған жұмысРесурстар
Сабақ басы (2-5 минут)Амандасу.
Сәлеметсіздер ме, балалар!
(Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.)
«Көңіл ашар» жаттығуы.
Қуанамын мен де ,
Қуанасың сен де,
Қуанайық,достарым!
Арайлап атқан күнге.
Топқа бөлу. Оқушылар шеңбер құрайды. 1,2 деп санап шығады. Бір санды оқушылар шеңбер ішіне кіреді, екі санды оқышылар шеңбердің сыртында қалады. Осылай екі топқа бөлінеді.
-Бүгін сабақта біз жаңа сөздермен танысамыз және әр түрлі тапсырмалар арқылы сөздік қорымыз байытамыз , сөздерді буынға бөлуге және сөз тіркесін құрастыруға үйренеміз.
 Сабақ мақсатымен таныстыру.





слайд




 
Сабақ ортасы (6-40 минут)Сабақтың тақырыбына кіріспе ретінде үнтаспа тыңдатылады.(үй жануарларының дауыстары)
Сендер жаңа үнтаспада ненің дауысын естідіңдер? (сиыр,қой,ит,мысық).
Бір сөзбен бұл жануарларды қалай атаймыз?
Дұрыс, үй жануарлары деп атаймыз.
Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? Балалар өздері сабақ тақырыбын айтады.
Олар бізге не береді?( сүт ,ет,жүн береді, үй күзетеді,
көлік болады). Жарайсыңдар, балалар! Ал, енді сабағымызды келесі ойынмен жалғастырамыз,
«Қабырғадағы рөл» ойынын ойнаймыз. (Ойынның шарты: тақтаға үй жануарлардың суреттері тізбектеліп ілініп тұрады. Әр оқушы қазақша атауын білетін жануарларды «қоршауға» кіргізеді, ал атай аталмаған жануарлардың қазақша атауын тақтада қалдырамыз. Атай алмаған жануарлардың атауын жаңа сөздер ретінде аламыз).
Жаңа сөздер:(сөздерді буынға бөліп оқиды, хормен қайталайды,тізбекпен қайталайды, сөздердің дыбысталуына ерекше назар аудартамын, сөз тіркесі және сөйлем құрастырады)
Сиыр- корова
ешкі- коза
түйе- верблюд
қой- овца
жылқы- лошадь
үй жануарлары-домашние животные
ма?ме? ба?бе?па?пе?-ли?
Жаңа сөздерді тыңдау, қайталау, сұрақ қоя білу жұмыстарын жүргіземін.
Оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлемдерге аударамын, үлгі арқылы үй жануарларын атай алуға үйретемін. Әр топқа пазл беріледі. Олар шыққан жануардың атауымен сөйлем құрастырады.
Мысалы: Мынау-түйе.Мынау-жылқы.
Енді «Ұйқасын тап» тілдік жаттығуын орындайық.
Ойынның шарты: Өлең жолдарында жаңа сөздермен ұйқас сөздерді табу.
Огурец- қияр, корова-сиыр
Смех- күлкі, лошадь-жылқы
Вишня- шие, верблюд-түйе
Лиса- түлкі, коза- ешкі,
Менің –мой, овца- қой
Балалар, қандай таныс сөздерді естідіндер. Жарайсыңдар, дұрыс.
Ал, балалар, орнымыздан тұрып сергіту сәтін орындайық.
Сергіту сәті:
Керіледі мысық,
Бізге көзін қысып,
Көріп қалса тышқан,
Жүгіреді жылдам.
Қызығушылығын ояту үшін әр топқа жұмбақ беремін:
1 топ: Басында екі таяғы бар
Төрт аяғы бар.
Адам деуге болмайды,
Бірақ сақалы бар.
Ол не? (ешкі)
2 топ: Кезікті бір жануар
Үстінде екі тауы бар (түйе)
Оқулықпен жұмыс. Диалог
Оқылым әрекеті:
-Алмабек, мынау қой ма?
-Иә, бұл-қой.
-Неше қой?
-Жеті қой.
Ә.диалог не туралы?
Б. Қандай сөздер сіздерге таныс.
В. Осы жануарларды бір сөзбен қалай атаймыз?
Жұппен жұмыс:
Суретті пайдаланып (қой,шошқа,сиыр,жылқы ) сөйлеседі.
«Шашылған сандар» ойыны. Тақтада үй жануарлар мен сандар ілулі тұрады. Әр топтан оқушылар мұғалім атаған санды белгілейді. Қай топ дұрыс және шапшаң белгілесе, сол топ жеңімпаз болады. Хормен қайталап шығамыз. Мысалы: Бес жылқы.Жеті қой.Алты ешкі.Үш түйе.Екі сиыр.Төрт мысық.
Дәптердегі тапсырмаларды орындайды. Аудиотаспаны тыңдайды.
Үй жануарлары туралы алған білімдерін бекіте түсемін.
Сергіту сәті
Пай-пай-пай,
Жайылып жүр тай
Ай-ай-ай
Ұшып кетті торғай
Әр топ берілген буындардан сөз жинап, пантомимо қимылымен қарсы топқа сұрақ қояды.(Оқушылар ма,ме,ба,бе,па,пе шылауларын еске түсіреді)
Оқушылар: Мынау сиыр ма? Мынау жылқы ма? Мынау қой ма? Мынау түйе ме? Мынау ешкі ме? деген сұраққа «Иә, бұл-сиыр», «Жоқ,бұл сиыр емес» деп жауап бере алады.
 (Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды пайдаланамын).
Yandex browser WEBM Үй жануарлары








«Қоршау» суреті











Слайд




Оқулық.

Аудиотаспа:
4.1.1;






слайд








оқушылар қимылмен орындайды





Слайд










оқулық,51-бет.
Аудиотаспа 4.1.4.





карточкалар
математика, дүниетану




№1 жұмыс дәптері,
25 бет.
математика
дүниетану
Аудиотаспа 4.1.3.

қимылмен көрсетеді



карточкалар



 
Сабақтың соңы (41-45 минут)«Қайталай ғой» оқыта үйрету ойыны. Ойын шарты: бір оқушы қандай да бір жануарды атайды, ал екінші оқушы оны қайталап, тағы бір жануардың атауын қосады. Үшінші оқушы екеуін қайталап, үшінші сөзді қосады. Осылай ойын 6-7 сөзге дейін жалғасады.Доп





 
РефлексияБалаларды бағалаймын, мадақтаймын
( мадақтамалар беріледі.)
Көңіл – күй смайликтері балаларға таратылады.
- Балалар, бүгінгі сабақтан алған әсеріміз қандай?

 Смайликтерді екі қорапшаға салу арқылы бүгінгі көңіл – күйімізді білдіреміз.



 
Критериалды бағалау






 
Бағалау критерийлері
1. Жануарлардың дұрыс табу, сәйкестендіру.
2. Неше ? сұрағына жауап жазу
3. Үй жануарларын жабайы аңдардан ажырату.




 
Дескрипторлар:
1.Жануарларды дұрыс сәйкестендірсе 3 ұпай.
1.1 2-3 қате болса 2 ұпай.
2.Неше? сұрағына дұрыс жауап жазу 3 ұпай.
2.1 екі, үш қате болса 2 ұпай.
3. Үй жануарларын жабайы аңдардан дұрыс ажыратса 3 ұпай.
3.1. екі ,үш қате болса 2 ұпай.

 
1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?
2.Жүргізілетін жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?
Сабақ барысында өзгертулер енгізген жоқпын.


 Сабақ барысында тыңдалым, айтылым, жазылым дағдылары жетілдіріліп ой шақыру, диалогтік оқыту, жұппен жұмыс және т.б. жұмыстар жүргізілді. Денсаулық сақтау технологиясы орындалды.
Қорытынды бағалау.
Ең жақсы өткен нәрсе не?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?
1.
2.

1.Сабақтың үлкен жетістігі оқушылар тақырып бойынша сұхбат құрастырып, сөйлесе алды, сұрақты дұрыс қойып, жауап бере білді. 2.Оқушы өзі үшін кішкене бір жаңалық ашуына мүмкіндік туғыздым. Сабақта әр оқушының жеке тұлғалық ерекшелігін ескердім.

1.Оқушылар тілді жетік білген болса, жұмбақты шапшаң шешер еді.

 

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама