Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Үйшік
Үйшік
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Екінші кіші тобы «Бүлдіршін»
Білім саласы: «Таным»
Кіші бөлім: ҚМҰҚ
Мақсаты: Балаларға «биік» «аласа», «бір және көп» ұғымдарын түсіндіру. «Үшбұрыш», «Шаршы» геометриялық пішіндерімен таныстыру. Балалардың сөздік қорларын молайтып, тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ұйымшыл болуға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, әңгіме, мадақтау.
Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал - жабдықтар: геометриялық пішіндер, үйдің, бұлттың, күннің, гүлдің суреттері, биік үй, аласа үй, орамал, кірқыстырғыш.
Билингвалдық компонент: үйшік - домик, қоршау - забор, биік - высокий, аласа - низкий.
Сөздік жұмыс:

Мотивациялық - қозғаушы
Балалар шеңберге тұрады.
Армысың алтын күн!
Армысың көк аспан!
Армысың самал жел!
Армысың балалар!
Бір әлемде тұрамыз,
Қош келдіңдер айтамыз!

Ұйымдастырушылық ізденіс
Саусақ ойыны: «Үй саламыз»
Күні бойы дыбыстар
Тук - тук - тук, тук - тук - тук.
Балғаменен ұрамыз,
Тиіндерге үй саламыз.
Мына үй тиіндерге,
Мына үй қояндарға,
Мына үй қыздарға,
Мына үй ұлдарға,
Міне қандай әдемі үй,
Онда бәріміз тұрамыз,
Ән айтып, би билейміз.
- Жарайсыңдар, балалар! Ал енді орындарымызға отырамыз!
- Балалар айтыңдаршы біз сендермен қайда тұрамыз?
- Дұрыс! Ал, үйлер қандай болады? Көп қабатты және жер үйлер.
- Ал балалар үйдің несі болады?
- Дұрыс! Ал үйдің төбесі қандай пішінге ұқсайды?
- Ал терезесі?
- Арқат сен қандай үйде тұрасын?
- Амина сен қандай үйде тұрасын?
Балаларға тақтадан көп қабатты үй мен бір қабатты үйді көрсетіп, оларға биік, аласа ұғымдарын түсіндіру.
Д/о: «Биік - аласа үй»
- Балалар, сендердің алдарында үйлер. Қанеки санайықшы. Қанеки қарайықшы қайсы үй биік? - Ал қайсы үй аласа? - Биік үйде неше қабат? - Ал аласа үйде неше қабат? Қазір мен үйлерді орамалмен жауып қоямын, ал сендер тауып алыңдар. Қайсы орамалдың астында биік үй? Ал қайсы орамалдың астында аласа үй?
Сергіту сәті:
Аюдың үйі үлкен, Ал қояндікі кішкентай. Біздің аю үйге кетті, ал артынан қоян еріп. Біз аңдармен қоштасамыз, сабағымызды жалғастырамыз.
- Жарайсыңдар балалар! Ал енді біз сендермен ойын ойнаймыз. «Таудағы үй»
- Суретте аспан мен жердің суреті.
- Аспанды көрсетіңдер, жерді көрсетіңдер. Қолдарына үйді алып, оны суретке апарып қоямыз.
- Қандай бөлігіне апарып қоямыз?
- Аспанға ма әлде жерге ме?
- Неге?

Тәрбиеші: Торина С. А.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама